Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазылмайтын ракты емдеу тәсілі табылды

Жазылмайтын ракты емдеу тәсілі табылды

АҚШ-тағы Бингемтон университеті ұйқы безіндегі қатерлі ісік ауруы жасушаларын химиотерапия және радиотерапия әдісімен емес, біртіндеп жылыту және біртіндеп тоңазыту (термиялық абляция) әдісімен емдеу әлдеқайда тиімді екенін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі MedicalXpress сайтына сілтеме жасап.
Ұйқы безінің рагы - қатерлі ісіктердің ішіндегі ең қауіпті түрлерінің бірі. Шамамен 67 адамның біреуі осы дертке шалдығады. Бұл дертке шалдыққан адамдардың 95 пайызы тиімді емдеу тәсілі болмағандықтан, ажал құшады. Қарапайым емдеу түрлерінің айтарлықтай әсері болмайды, ал комбинациялы препараттар адам ағзасын улап тастайды.
Зерттеу барысында PANC-1 және BxPC-3 рак жасушалары қолданылған. Ғалымдар рак жасушаларын плюс 45-50 градусқа дейін ысытып, минус 10-20 градусқа дейін суытқан. Сондай-ақ, жылу алмастырудың екі типін үйлестіріп көрген. Жылу алмасу бес минутқа дейін созылған. Содан кейін ғалымдар жасуша жағдайын бес күн бойы бақылаған.
Температураны 40-45 градусқа көтеріп, одан кейін 25 градусқа дейін төмендету нәтижесінде рак жасушалары түгелдей өліп қалған. Ғалымдар енді рак жасушаларын алдымен мұздатып, одан кейін жылытқан жағдайда не болатынын зерттеп көруді жоспарлап отыр.
28 ақпан 2018 ж. 3 675 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 128

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 178

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31