Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қант тәуелділігінен арылудың 4 жолы

Қант тәуелділігінен арылудың 4 жолы

Әр адам орта есеппен тәулігіне 100 грамм қант тұтынады екен. Бұл нормадан үш есе көп. Адамдар құрамына аса мән бере бермейтін өнімдерде қант көп болады. Тәтті сусын, соус, тіпті майсыз азық-түлектен де кездестіреміз. Ал денсаулықты күтудің ең басты қағидаларының бірі – қанттан бас тарту.
Әрине, үйреншікті әдеттен бірден бас тарту оңай емес. Сол үшін Massaget.kz сайты диетолог, пайдалы тағам бойынша маман Энн Ричидің қантқа тәуелділіктен арылуға арналған төрт кеңесін ұсынады. 
Бірінші кеңес – бір айға жоспар құрыңыз
Пайдалы тағамға асықпай, кезең-кезеңімен өту қажет. Өйткені ағза жаңа рационға үйренуі керек. Көбі қанттан бірден бас тартып, үлкен қателік жасайды. Оданда бір айға тамақ жоспарын жасап, қант мөлшерін азайту арқылы пайдалы тағам жеуге кезең-кезеңімен өткен дұрыс. 
Рационыңыздағы тамақтың қайсында қант көп екенін анықтаңыз
Не ішіп, не жеп жүргеніңізді саралап, қайсының құрамында қант көп екенін анықтау қажет. Оның ішінде сусын, тәтті тағамдарға баса мән берген жөн. Қанты көп өнімнің мөлшерін азайтып, уақыт өте толық бас тартуға дағдылану керек. 
Табиғи өнімді таңдаңыз
Қазір дайын не жартылай дайын өнімді кез келген дүкеннен сатып алуға болады. Алайда оны шектен тыс тұтынуға да болмайды. Рационыңызға мейлінше табиғи өнімді көбірек қосуға тырысыңыз.
Қантқа қарсы ұйқының көмегімен күресіңіз 
Ұйқы жетіспеушілігі тамақты артығымен жеуге себеп болады. Аз ұйықтайтын адам тәттіге құмар болады екен. Сондықтан ұйқыңызды реттеп, 7-8 сағат көз ілген дұрыс.
07 қараша 2020 ж. 505 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930