Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүлікте сан мың сиқыр бар

Сүлікте сан мың сиқыр бар

Шығыс ғалымдары сүлікті денсаулықтың, жастық пен сұлулықтың биофабрикасы деп атайды. Өйткені 30 ғасыр бұрын фараондар жәндікті осы мақсатта пайдаланған. Би кештері болатын күні құлақтың артына әдейілеп сүлік салып, бет жүздерін жасартатыны айтылған дерек көптеп кездеседі. Оның үстіне таңға дейін би билейтін мұндай жиындарда сүлікті ұдайы пайдаланатындар шаршамайтын болған деседі. Қазақша “арам қанды сорғызу” процесінің адам денсаулығына тигізер пайдасы шаш етектен. Десек те таяқтың екі ұшы болатыны сүлікке қаратылып та айтылатын кездері жоқ емес.
Жалпы емдік, медициналық сүлік тұщы суда тіршілік етеді. Ұзындығы 8-12 сантиметрге дейін созылады. Оның сілекейінде гирудин және гиалуронидаза атты сұйықтықтар бар. Біріншісі қанның ұюына кедергі келтіріп, гиалуронидаза дене талшықтарында зат алмасу процесіне әсер етеді. Ал гирудиннен дәрі-дәрмек жасалады.
Ғылымда сүлік салу процесін – гирудотерапия деп атайды. Қазіргі таңда гирудотерапия – кардиология, офтальмология, дерматология, хирургия, гинекология, урология, неврология және герентология саласында кеңінен қолданылатын әдіс. Бұл әсіресе күретамыр, қан тамыры, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасы, инфаркт, инсульт, глаукома тәрізді сырқаттарға өте шипалы. Бір қызығы аталған әдіспен бұл күндері кейбір адамдар арықтай бастаған.
Сүлік адамның артық арам қанын сорып алады. Осылайша айналымын ретке келтіреді. Биологиялық белсенді заттарға бай болғандықтан түрлі ферменттерден тұратын сүлік сілекейі адамның қанын тазартып, иммунитетін күшейтіп, организмді нығайтады. Түрлі ферменттермен бірге қанның ұюына тосқауыл қоятын гирудин және 100-ге жуық биологиялық пайдалы заттар сүлік сілекейінің пайдалылығына одан әрі сендіре түседі.
Сүлік шынында да ерекше жаратылыс. Медицинаға тиімді жәндік бір демде 10 мл қан сорып, оған тойған соң адам денесінен өзі сыпырылып түсіп қалатын көрінеді. Егерде адам денесіне бір мезетте 8-10 сүлікті қоятын болса, олар 300-400 мл қан сорады. Оның денеге салған қысымының күштілігі сонша тұмсығы қадалған жерден қан өздігінен алты сағаттан бір тәулікке дейін үздіксіз аға береді.
Медициналық тексеруден кейін адам ағзасынан қанды аз мөлшерде ғана алу қажет болса, онда кішкентай сүліктерді аздаған минутқа ғана қояды. Сүлік салғанда науқастың жасына, қосалқы ауруына, дене салмағына, қан қысымына, сүліктің физикалық жағдайына көбірек көңіл бөлу қажет. Медициналық жәндіктің теріс әсері де кезігеді, оны аллергиялық ауруы бар науқасқа, қансыраған адамға, қан қысымы төмен жандар мен қан ұю процесі бар ауруларға пайдалануға болмайды.
Мұндай жолмен емделуді қолданғанда кәсіби мамандардың көмегіне жүгінген жөн. Десек те сүлікті қалай пайдалану керектігін, процедура кезіндегі процесті біле жүрген артық болмас. Алдымен емге қажетті шыны түтік қысқыш, глюкоза ерітіндісі, залалсыздандырылған сулық, мақта, дәке, тұзды су, ұстара, сабын сияқты бес қаруды түгелдеп алу керек. Сүлік қоятын денені түктен 1-2 сағат бұрын тазалап қойған орынды. Сондай-ақ жәндік сабын иісі шыққан жердегі қанды сормайтынын есте сақтаған дұрыс.
Сүлік салуда да бұлжымас тәртіп бар. Мәселен, қарақұсқа салғанда құлақтың шеміршегінен 1 сантиметр артқа қояды. Сирақтан қан алғанда да тамырдан 1 сантиметр қашықтықта шахмат тәрізді орналастырады. Миокард инфаркті кезінде немесе осы ауруға шалдығады-ау дегенде сүлікті жүрек үстіндегі кеуде терісіне, 3-ші және 5-ші қабырға аралығына, төс сүйектен солға қарай 1 сантиметр өлшеммен жабыстырады.
Тромбофлебит ауруында тромбымен бітеліп қалған вена қан тамырларынан бір сантиметр өлшеп, екі жағынан сүліктерді қою құпталады. Ал жүрек ауруының салдарынан ұлғайған бауырды емдеу үшін кеуденің оң жағындағы қабырғалардың астындағы теріге күш түседі.
Күрделі процес барысында мына нәрселерді естен шығаруға әсте болмайды. Тұщы суға салынған сүлікті ұстап, денеге салар алдында пинцеттің көмегімен оны пробирка ішіне жайғастыру қажет. Пробиркаға құйрық жағымен енгізгенде сүлік бас жағымен өзі шығуына жеңіл болады. Салатын жерге жақындатып әкелген пробирканың түбін көтерсе, сүлік глюкозамен сүртілген тәтті денеге өзі-ақ ұмтылады. Теріні тістеп, өздігінен жабыса бастайды.
Бір қолданылған сүлікті екінші рет пайдалану тиімсіз. Оны формалинге, мүсәтір спиртіне немесе тұзды суға салып, су құбырымен ағызып жіберген жөн.
Дені сау сүлік 40-60 минут ішінде нақуастың артық арам қанын сорып, денесі ісінеді. Қанға тойған жәндік өз бетінше түсіп қалуы керек. Олай болмаған жағдайда қансорғыш жабысқан денеге тұзды су құяды. Бұл оның денеден жедел бөлінуіне алып келеді. Керісінше, денеге жабысқан сүліктің қан соруы баяулап қалса, үстіне жылы су сепкен дұрыс. Сонда оның қимылы қайтадан үдей түседі.
Дәрігерлер сүлікті науқас адамның жүрек қызметі нашарлап, бауыры ұлғайғанда, тромбофлебитте, миокарда, инфаркт жағдайында тұтынуға кеңес береді. Жүректің демікпелі ұстама ауруында (стенокардия), ми-қан тамырларының қысылған кезінде де пайдасы орасан. Сүлік салып, емдегеннен кейін сырқаттың дене қызуы қалпына келеді. Қан қысымы, қандағы қант мөлшері төмендейді. Ұсақ қан қатпарлары жойылып, ісікке қарсы, ауырсыздандыру тетіктері іске қосылады. Гирудотерапияны гинекологиялық ауруларға қолданғанда әйелдер кейбір ауру түрінен айығады. Оларда гормондық зат алмасу процестері жылдам қалпына келеді. Сүлік салу бедеулік, эндометрит, эндометриоз тәрізді жатыр мен созылмалы аурулардың да алдын алатыны, кейбір жағдайларда сүлік салу бұндай сырқатқа негізгі ем ретінде жиі қолданылады. Әсіресе сүлік салу операциядан кейін тез жазылуға әсер ететін көрінеді.
Аталған процедураны тромбоцитопения, онкология, гемофилия, ұзақ және ауыр қан кету, қан ұюының бұзылуы, сүліктердің сілекей компоненттеріне төзбеушілік жағдайында жасауға болмайды. Сонымен бірге гипотензия, әйелдерде анемия кезінде, 10 жасқа толмаған балаларға, кейбір психикалық бұзылулары бар жандарға, созылмалы ауруы асқынған және жүктілік кезіндегі әйелдерге қолдануға кеңес берілмейді. Ал әлі анықталмаған ауруларға салыстырмалы түрде қарсы көрсетілімдері бар.
Халық медицинасында сүлікке ұқсас хиджама әдісі де кең тараған. Елордадағы орталық теміржол ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Ғабит Нұрханұлы бұл арқылы өтте тас жиналу, инфаркт, инсульт дерті, қан қысымы ауруларының алдын алуға болатынын айтады. Сондай-ақ хиджама салу ер адамның күш-қуатын арттыруға көмектеседі. Бірақ дәрігер бүгінгі күні мұны кез келген адамның жасай беретініне қапаланады. Өйткені біліксіз жасалған емнің арты пациенттің инфекциялық ауруларға шалдығуына әкелуі мүмкін.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
22 тамыз 2020 ж. 2 642 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930