Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маусым айында нені істеуге болады, неден бас тарту керек

Маусым айында нені істеуге болады, неден бас тарту керек

Әр күніңізді жоспарлайсыз ба? Маусым айында істелетін қандай іс-шараларыңыз бар? Астрологтар маусымда қандай іс-шараны жүзеге асырғанда қандай нәтиже беретініне алдын ала кеңес береді. Өйткені нақты бір нәрсе нақты бір күні жасалғанда қандай нәтиже береді, жұлдызы оңынан туа ма, оны тек астрологтар біледі.
Саяхатқа, басқа қалаға, елге көшуге керемет қолайлы күндер — 14,15,16,21,22,23,27,29,30 маусым. 1,2,22,23,28,29  маусым – стоматологқа баруға тиімді күндер. Тап осы күндері ем-дом, тіс жұлғызу, пломба салдыруға қолайлы. Көлік алғыңыз келсе, онда оны 6,9,10,11,17,18,19,20 күндері жүзеге асырыңыз. Ал 29,30 маусымда мүлдем көлік сатып алмаңыз. Кір киімді химиялық талазауға өткізгіңіз келсе, онда ол істі 6-21 маусымда жасаңыз. Үйде жөндеу жұмыстарын 6-21 маусым аралығында бастаған жөн. Ал бүкіл үйді тазалап жууды 6-21 маусымда істеген жөн. Ақша санап, қаржылық жағдайды жақсартуға арналған күн – 23 маусым. Болашақта неке қиюға көзделген қарым-қатынастың кездесуін 27-маусымға жоспарлаңыз. 6,24,25 маусымда бетке жаққан кремнің пайдасы молырақ болады.
  18,27 маусымда жасартатын, теріні қалпына келтіретін косметикалық құралдардың тиімділігі жоғары болады.   9,10,11,12,13,15,18,21,22,28,29,30 маусымда ботокс, рестилайн, диспорт және т.б. екпесін жасау зиянды. Бұл күндері жасалған екпе жақсы әсер бермейді, тіпті болашақта мойында, бетте пигмент пайда болуы мүмкін.  7,8,17,18,26,27 маусым – шашты сәндеу, түзетуге қолайлы күн.   3,4,9,10,11,17,18,24,25,30 күндері шаш жақсы бұйраланады. 6,22 маусымда шаш боясаңыз, ол бояуын ұзақ сақтайды. 1,2,14,15,16,22,23,28,29 маусым – маникюр мен педикюр жасауға қолайлы күндер.  5,6,19,20,21,26,27 маусым – сүйел, мүйізгекті алуға ыңғайлы. 7,8,17,18 маусым – депиляция жасауға тиімді. Егер үш жыл бойы тап осы күндері аталмыш іспен айналыссаңыз, онда аяқтағы жүн өсуін тоқтатады. 3,4,30 маусымда аяқтың жүнін алуға тыйым салынады. 1,2,5,9,11,13,14,15,16,18,19,23,24,28,29,30 маусым тырнақ жапсыруға қолайсыз күндер.
Өйткені ол инфекциялық ауру әкеліп, зең ауруын тудырады. Бизнесті бастап, жаңа кеңсеге көшуді, дүкен ашуды 7 маусымға жоспарлаңыз. Баю мақсатында әмиян сатып алғыңыз келсе, онда оны 14 маусымға жоспарлаңыз. Ол үш жыл бойы «жұмыс істейді». Қаржы жағдайыңызды жақсарту үшін ақша сақтағыңыз келсе, оны 22 маусымға жоспарлаңыз. Дәстүр бойынша, ақшаны стөл жапқыштың астына немесе қобдишаға сақтаған дұрыс. Бірақ ол ақшаға бір жыл бойы тиіспеңіз, ол жыл бойы «көбеюі» тиіс. Бір жылдан соң ол ақшаны ұстап, пайдаға асырып, және қаласаңыз, тағы да ақша сақтап қоюға болады. Омырауға қатысты (пішінін өзгерту, үлкейту т.б.) отаны 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12,16,17,18,19,20 маусым күндері жасамаған жөн.  
www.ktk.kz
11 маусым 2020 ж. 894 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930