Компьютер алдында дұрыс отыру
XXI ғасырдың проблемасы – кеңсе жұмыскерлерінің денсаулығы. Қызмет уақытының басым бөлігін компьютер алдында өткізуге мәжбүрлеп, бір орында отыруға итермелейді.
Алдымен компьютер алдына отырғанда қолыңызды созыңыз. Өйткені көзіңіз бен компьютердің арақашықтығы 50 сантиметрден көбірек болғаны жөн.
Бүгінде компьютерге қарағанда ноутбукқа сұраныс артты. Үстелдің үстіне қойсаңыз да, диванға қойсаңыз да астына міндетті түрде арнайы тіреуіш қоюды ұмытпаңыз.
Монитор биіктігінің көзіңіздің тұсына икемдеп орналастырыңыз. Бұл көзіңіздің тез шаршамауына және түзу отыруға себеп болады.
Әр жарты сағат сайын көзіңізге демалыс беріңіз. Алыс қашықтықтағы заттарды қарап, назарыңызды түрлі заттарға аударыңыз. Қажет болса көзге арналған түрлі жаттығуларды жасаңыз.
Аракідік орныңыздан бір тұрып, арқаңыз бен қолыңызды созып, жаттығу жасаңыз.
Антибликті көзілдірік жұмыстың өнімділігін 30%-ке арттырады екен. Сол себепті көзілдірік таңдарда блик жарыққа қарсысын алыңыз.
Компьютер алдында ұзақ отырған соң арқамыз жиі ауырады. Бұл дұрыс отырмаудың салдарынан. Сол үшін өзіңізге ыңғайлы орындықты таңдап, компьютердің орналасу биіктігін жөндеп алыңыз.
Сағатына бір мәрте таза ауаға шығып, бойыңызды сергітіп тұру артық етпейді.
Компьютеріңізге еске салатын арнайы оятқыш-қосымшаны жүктеп алыңыз. Уақыты келгенде көзге жаттығу жасау не серуенге шығуды есіңізге салып тұрады.
massaget.kz