Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Індет жұқтырып, аман қалғандардың өмір сүру ұзақтығы 9-10 жылға қысқарады

Індет жұқтырып, аман қалғандардың өмір сүру ұзақтығы 9-10 жылға қысқарады

COVID-19 вирусының аталмыш қатеріне қатысты АҚШ-тағы Джордж Мэйсон университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Анча Баранова осындай мәлімдеме жасады. «Енді жазылып шыққандардан байқағанымыздай, олардың өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен 9-10 жылға қысқарады.

Мұның өзі оның жынысына қарай әр түрлі болады: әйел адамдарға қарағанда ерлердің өмір сүру ұзақтығы кемиді»,- деді ол. Оның айтуынша, ғалымдар мұндай тұжырымға тәжді тажалмен ауырған науқастардың биохимиялық көрсеткіштерін талдай отырып келген. Десе де бұл ақырғы «үкім» емес: мұндай көрсеткішті жақсартуға болады. Ол үшін пациент оңалту процедураларынан толық өтуі тиіс. Яғни, аурудан айыққан соң мейлінші кем дегенде 8 сағат ұйықтау керек. Өйткені, организм ұйқы кезінде қалпына келеді. Ұйқысы қанық адамның иммунитеті де нығаяды.
Осылай деген ол күллі әлемді «ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында» ұстап отырған вирустың тек өкпені зақымдап қоймай, ми қызметіне де теріс әсерін тигізетінін тілге тиек етті. «Байқағанымыздай, әсіресе, қатты ауырған егде адамдардан аңғарғанымыздай, вирус миға оттегінің дұрыс жетпеуінен түрлі симптомдар тудырады», дей келе аталған аурудың белгілері білінбеген науқастардың, соның ішінде жастардың да микроинсульт алатынын ескертті. Бұл олардың бойынан індентті жұқтырғанын аңғаруға болатын бірден-бір жалғыз ауру белгісі болуы мүмкін. «Бойынан ауру белгісі білінбеген жас адам микроинсульт алуы мүмкін. Қанның ұюындағы өзгерістен (вирустың іштен шалғаны), адам түннің бір уағында қатты бас ауруынан оянады, микроинсульт дегеніміз осы, яғни, қан тамырларының бітелуінен ауырады. Мұны білудің маңызы зор»,- деді артынша.
Бұдан бөлек, аталған жұқпалы індет бүйрекке кері әсерін тигізеді. Профессордың сөзіне қарағанда, вирустық инфекцияның ауыр салдарынан ақуыз көптеп бөлінеді, бүйрекке салмақ түседі. Соған байланысты сүзгіден өткізу қабілетінен айырылады.
23 мамыр 2020 ж. 716 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 55

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 83

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031