Қандай таңғы ас ағзаға қауіпті – гастроэнтеролог кеңесі
Гастроэнтеролог дәрігердің айтуынша, тек ботқа немесе басқа да көмірсулардан тұратын таңғы ас ағзаға қауіп тудырады.
Ондай таңғы астың салдарынан қант диабеті, артық салмақ пайда болады және асқазан-ішек жолдарының бұзылуы мүмкін. Гастроэнтеролог және диетолог Ирина Потянованың айтуынша, таңғы астың ең қауіпті түрі – негізінен көмірсулардан тұратын тағамдар. Мұндай таңғы асқа дәнді дақылдар ботқасы (сұлы жармасы, жарма), кондитерлік өнімдер, тәттілер, ақ нан жатады. Дәрігер бұлай таңғы ас ішу қандағы глюкоза деңгейін күрт жоғарылататынын айтты. Салдарынан инсулин гормоны артады, ол глюкоза концентрациясының едәуір төмендеуіне алып келеді және қауіпті жағдай туғызады. «Қарынның ашуы, әлсіздік байқалады, өйткені миға қант жетіспейді. Содан кейін тамақтансаңыз, глюкоза мен инсулин деңгейі қайтадан көтеріледі. Егер мұндай цикл қайталана беретін болса, бұл көмірсуға деген тәуелділікке алып келеді», - деп ескертті гастроэнтеролог. Мұндай ауытқулардан артық салмақ жиналады, өйткені инсулин артық глюкозаны майға айналдырады. Сонымен бірге екінші типті қант диабетіне шалдықтыруы мүмкін. Дәрігер құрамында ақуыз, май және талшық түріндегі күрделі көмірсулар бар таңғы ас ішуді ұсынады. Маманның айтуынша, егер тамақтанғаннан кейін ұйқы келе бастаса, онда тым көп көмірсу тұтынғандықтың белгісі.