Ультракүлгін сәулемен жүргізілген тәжірибе індеттің қалай жұғатынын көрсетіп берді
Вирустар мен бактериялар көзге көрінбейтіндіктен олардың қалай таралатынын, өсіп-өнетінін байқамайды. Жапондардың NHK телеарнасы әуесқойлық мақсатта емес, нағыз ғылыми зерттеуге бергісіз тәжірибе жүргізіп, көрнекі видео дайындапты.
Нақтырақ айтқанда, бұл бағыттағы тәжірибеде флюоресцентті сұйықтық пен ультракүлгін шамның көмегімен адамдарды індетті қалай жұқтыратынын, жұғу жылдамдығын көрсете білген. Аталмыш тәжірибеге қатысқан он адам «швед үстеліндегі» астан ауыз тиеді. Олардың қолына арнайы гелл жағылады. Бұл гелді тек шамның көмегімен ғана аңғарасыз. Олар дәмханада жарты сағат отырып, өзара тілдесіп, әдеттегіше ұстады. Содан соң жарық сөндіріліп, ультракүлгін шам жағылды.
Тәжірибеге қатысқандардың таңданысы мен үрейден қалай қобалжығанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Вирусты олар киімдерінен, бетінен, асхана құралдарынан, тіпті, тағамнан байқаған. Бір ғана науқас адамның індетті өзгелерге қалай тез әрі оңай жұқтыратынына куә болды. Жеке бас тазалығы мен қоғамдық орындарында сақтық шараларын ұмытпаудығң маңыздылығы мен көкейтестілігіне анық көз жеткізді. Бұл тәжірибені жүргізуге Стэнфорд университетінің ғалымдары жәрдемдесті.
Тәжді тажал пандемиясына байланысты. Адам даусын неғұрлым көтеріп сөйлеген сайын вирустың таралу қаупі артады. Бір минуттық сөйлеген сөздің өзінен оның аузынан ұшқан тамшы тозаңдары ауада сегіз минут бойы қалықтап тұрады.