Қарамайлы (дегтярный) сабынның пайдасы
Қайың – адам денсаулығына жақсы әсер ететін ерекше өсімдік. Оның бүршіктері мен шырын ұзық уақыттан бері дәрілік мақсатта қолданып келді. Әрі одан қағаз бен қарамай алынады. Қарамай косметологияда, медицинада және халықтық емде жиі қолданылады.
Қарамайлы сабынның пайдасы
Медицина мамандары мен косметологтар пайдасы мен зиянын толық зеріттеген қарамайлы сабын халық арасында кең танымал. Оның құрамында хош иістендіргеш пен бояғыш жоқ таза табиғи өнім. Қарамайлы сабын тері мен шаштағы кезігетін мәселелерді шешуде белсене көмектеседі әрі аса қымбат емес.
1. Безеу мен ұшықтарды кетіреді
Бет терісін қарамайлы сабынмен жуу арқылы тері тесігін нығайтып, ұшықтар мен безеулерден тез арылуға көмектеседі.
2. Тері ауруларымен күреседі
Экзема, дермотит және себоре сынды тері ауруларының өршуін басады. Бұл аурулар терінің тұтастығы мен қан айналымының бұзылуымен көрінеді. Әрі сабын жараның бетін инфекция түсуден сақтайды, теріні қалпына келтіреді. Сонымен қатар, қарамайлы сабын тері аурулары кезінде адамды қышу мен тітіркенуден сақтайды.
3. Аяқ саңырауқұлақтарын емдейді
Аяқтағы саңыруқұлақтардан арылу үшін күніне қарамайлы сабынмен жуып, 10-15 минут оның көбіне қою жеткілікті. 7-10 күннің ішінде күтілген нәтижені береді.
Шашқа арналған қарамайлы сабын
Қарамайлы сабын шашты нығайтып, оған үлкен көлем берді әрі жылтыратады. Косметологтар шашты 2 айда бір рет аптасына 2 рет қарамайлы сабынмен жуып тұруды кеңес береді. Сосын араға 2-3 ай салып демалдыру қажет.
Қарамайлы сабынды қолдану
Сабынды қолданудың екі тәсілі бар: Бірінші, сабын теріні тым қатты құрғатады. Сол себепті оны жиі қолданудың қажеті жоқ. Егер майлы бетті жуатын болсаңыз, онда күніне екі реттен артық қолданбаңыз. Егер бетіңіздегі безеулерден арылсаңыз сабынды тек сақтану мақсатында кейде қолданып тұрған дұрыс. Косметологтар сабынмен жуанған соң теріні ылғалдандыратын крем жағуды ұсынады. Немесе миндаль майымен араластырып қолданса да болады. Екінші, қарамайлы сабыннынң құрамында хош иістендіргіш болмағандықтан ол шаш пен теріге ерекше әсер етеді. Және олар қайың шырынының иісіне тез үйренеді.