Ғалымдар Қазақстанда коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын болжады
Сингапурлық Технологиялар және дизайн университетінің және Массачусетс технологиялық институтының ғалымдар тобы түрлі елдерде, соның ішінде Қазақстанда COVID-19 пандемиясының нақты уақыт режимінде аяқталу болжамын көруге болатын сайт құрды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Болжамдарды құру үшін SIR математикалық моделі қолданылды. Ол белгілі бір уақытта ауруға шалдыққан, жұқтырған және бұрыннан ауырған адамдарды, сондай-ақ адамдар арасындағы байланыстардың қарқындылығын ескереді.
Графиктер коронавирус жағдайларының саны бойынша жаңа статистикаға сәйкес жаңартылады және түзетіледі. Сайт авторларының айтуынша, барлық жасалған есептерді "білім беру және зерттеу" деп қабылдау керек және дәл болмауы мүмкін.
Осылайша, есептеулер бойынша Қазақстандағы пандемия сәуірдің соңында шыңынан өтті. Аурулардың саны 2 маусымда 97 пайызға, 14 маусымда 99 пайызға қысқарады, ал 28 шілдеге дейін таралуын тоқтатады.
Ғалымдардың тұжырымдарына сәйкес, АҚШ-та індет 9 қыркүйекке дейін, Ресейде - 7 тамызға, Иранда - 28 қыркүйекке, Түркияда - 30 шілдеге, Италияда - 31 тамызға, Испанияда - 2 тамызға, Канадада - 20 тамызға, Ұлыбританияда - 22 тамызға, Францияда - 9 тамызға дейін толық басылады.
Әлемдегі пандемияның 100 пайыздық аяқталуына келер болсақ, сингапурлық ғалымдар бұл 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін болады деп болжайды.
Сонымен қатар, зерттеу авторлары кез келген болжамдарға сақтықпен қарап, "шамадан тыс оптимизм" қауіпі туралы ескертті.
Ғалымдар коронавирус пандемиясының шыңынан өткен елдер шектеуді мерзімінен бұрын алып тастағанда, әсіресе басқа елдерде пандемия әлі болған кезде, жаңа COVID-19 толқынына тап болуы мүмкін екенін атап өтті.