Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күш беретін 2 тіркес

Күш беретін 2 тіркес

"Fast Company" және "The mouse" басылымының журналисі Эбби Вулф (Abby Wolfe) өмірінде қолданатын ең негізгі екі тіркесімен бөлісті.
1. "Уақыт өте бәрі аяқталады"
"Жоғары сыныпта футбол командасының мүшесі болдым. Жаттығу барысында 100 метрді 17 секундта жүгіріп, кері баяу ырғақпен 30 секундта келу керек. Осылай 10 рет қатарынан істеу міндеттелді.
Бұл сәтті қорқынышпен күтетінмін. Жүгіру мен үшін қиынға соқты. Денем ауыратын. Бірақ, бар жан-тәніңді салып жүгіруім керек еді. Өйткені, студенттік командаға қосылу арманым болатын. Осылайша, жаттығуға деген көзқарасымды өзгерттім. Әр секунд қиынға соқса да, бұның барлығы небәрі 15 минутқа созылатынын ұқтым. Ойланып қарасаңыз, тым қысқа уақыт аралығы".
Әр жаттығу алдында өзімді: "Келесі 15 минут қиын болады. Бірақ, уақыт бір орында тұрмайды. 16-минут өтеді, барлығы аяқталады", – деп сендірдім. Мен қиын сәтте емес, 16-минуттағы еркіндікті ойлауға тырыстым.
Уақыт өте бәрі артта қалатынын еске салып отырыңыз. Бірақ, жағымсыз істің аяқталуы үшін, оны бастау керек.
2. "Осы істі атқарсам, өзімді бақытты сезінемін"
"Жаттығудан соң, өзімді бақытты сезінетінмін. Одан бөлек, күш біткендей болатын, жылдам жүгіре бастаймын. Бастысы, еркіндікті сезінемін.
Бірақ, бұл тек футболда емес, өмірде де іске асады. Мысалы, жұмысқа бармастан бұрын спортпен шұғылдануым керек болады. Бірақ, еріншектік пен ұйқы мазамды ала бастайды. Дегенмен, егер ұйқымнан тұрып, жаттықсам, өзімді бақытты сезінетінімді білемін".
Іске құлшына кірісе алмасаңыз, мынаны назарға алыңыз: істі аяғына дейін жеткізіп, нәтижесін көргеннен артық рахаттану сезімі жоқ.
Қорқынышыңызды жеңуге тырысыңыз. Сонда ғана, еш алаңсыз ұйықтап, еш алаңсыз серуендей аласыз.

16 сәуір 2020 ж. 450 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 57

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 50

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930