Сода барлық бактерияны жояды
Адамдар үйде отырады және тіпті дүкенге барудан қорқады деп кім ойлаған? 2 сәуірдің мәліметі бойынша коронавирусқа шалдыққандардың саны 938 мың адамға жақындаған. Наурыз айының 18-інен бастап Нұр-сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылған болса, оған бүгінде еліміздің көптеген қалалары қосылды.
Қала тұрғындары қажет болған жағдайда жақын маңдағы дүкен мен дәріханадан тамақ немесе дәрі-дәрмек сатып алу үшін шыға алады. Коронавирус инфекциясы заттардың бетінде 1-3 күнге дейін сақталып қалады екен. Сіз сатып алып келген азық-түліктен кез келген уақытта (инфекция бар болса) вирус жұқтырып алуыңыз мүмкін. Осындай кезде дүкеннен сатып алып келген азық-түлік қорабының сыртын дизенфекциялау керек пе? деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа микробиолог және тамақ қауіпсіздігі бойынша сарапшы Дональд Шаффнер жауап берген.
Қазіргі кезде тамақпен бірге коронавирустың ағзаға енетіні нақты дәлелденбеген. Бірақ көпшілік дүкенен сатып алған зат қорабында вирус сақталады деп алаңдайды. Себебі басқа бір сатып алушы корнавирусты жұқтырып, оны өзі білмей басқаларға таратуы мүмкін. Жоғарыда айтып өткеніміздей өнімнің қаптамасы әдетте картоннан немесе пластиктен жасалғандықтан, вирус олардың бетінде 1-3 күнге дейін сақталады.
Тамақты дезинфекциялау
Дональд Шаффнердің айтуынша, сатып алған тамақ қорабында вирус бар деп оны балкон немесе басқа жерге 3 күн бойы "карантинге" қоя алмаймыз. Себебі 3 күн ішінде көптеген азық-түлік түрлері бұзылуы мүмкін. Нәтижесінде адамдар вирустан емес бұзылған тамақтан уланады.
Біріншіден, дүкеннен келген соң, қолыңыз бен бетіңізді мұқият сабындап жуып, кейін антисептикпен дизенфекциялау керек. Екіншіден, алып келген заттарды бір-бірлеп жуу керек. Содан соң ғана оларды тоңазытқышқа салуға болады.
Жаңа піскен жеміс пен көкөніске басқаша дизенфекция қажет. ScienceAlert ғылыми басылымының жазуынша, мұндай өнімдерді сабынмен жуудың қажеті жоқ, өйткені сабын бөлшегі адам ағзасына еніп, нәтижесінде жүрек айнуын, құсуды және диареяны тудыруы мүмкін.
Бірақ қазіргі жағдайда сабынды қолдануға болады, бастысы – жуудан кейін өнімдерді жақсылап шайып тастау керек. Егер сабын қолданғыңыз келмесе оның орнына сода қолдануға болады. Cода барлық бактерияны жояды. Әйгілі коронавирусқа қоса, әлемде басқа да бактериялар барын ұмытпаңыз. Әрқашан қол мен заттарды мұқият жуу керек, бірақ адамдар пандемия басталғаннан кейін ғана оның маңызын түсінді.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 16 адам анықталды. 2 сәуірдегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында – 7 адам, Атырау облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Қарағанды облысында - 6 адам тіркелді.
Қазір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 191 адам, Алматы қаласында – 90 адам, Қарағанды облысында - 21 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 18 адам, Жамбыл облысында -5 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 6 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 25 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 5 адам анықталды.
Қазақстанда жалпы 402 науқас тіркелді.