Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұзақ сақталатын азық-түліктер

Ұзақ сақталатын азық-түліктер

Тұз және дәмдеуіштер
Тұз ондаған жыл бойы сақталады. Егер ол ауа кірмейтіндей етіп қапталған болса, оған ештеңе болмайды. Тіпті, тұз ылғалданып кетсе де, ол бұзылмайды, тек тауар түрі кетіп қалады. Тұзды құрғақ жерде әйнек, керамика және пластмасса құтыларда қақпағын тығыз жауып сақтауға болады. Тұз тұратын ыдысқа бірнеше тіс тазартқыш салып қойсаңыз, олар ылғалды өзіне жақсы сіңіреді. Дәмдеуіштерді арнайы шағын контейнерлерге салып, қараңғы әрі құрғақ жерде ұстау керек. Барлық ереже сақталса, дәмдеуіштер 2 жылға дейін дәмдік қасиеттерін жоғалтпайды.
Қант пен бал Қант құрғақ жерде қақпағы тығыз жабылған әйнек не пластик ыдыста ұзаққа дейін сақтала береді. Қанттың жағымсыз қасиетінің бірі – басқа иістерді өзіне сіңіріп алуы. Сондықтан оны ауа кірмейтін ыдыста ұстаған жөн. Бал бірнеше жыл қатарынан бұзылмай тұра бере алады. Тіпті, ол қантқа айналып кетсе де, оның барлық пайдалы қасиеті сақталады.
Жармалар мен макарондар Жармаларды асүйде керамика, әйнек, пластик және кенеп қаптарда сақтауға болады. Кенеп қаптарды алдымен тұзды суға салып қояды, содан соң үтіктеп пайдаланады. Жармалар сақтауға қарапайым металл құтылар, қағаз және целлофан пакеттер келмейді. Ыдыстардың аузын жабуға қақпақтың орнына мата немесе бірнеше қабат дәке қолдануға болады. Жармаларды қоңыздардан құтқару үшін әр құтыға немесе мата қапқа лавр жапырағын салып қою ұсынылады. Макарондар құрғақ жерде герметикалық контейнерлерде 3 жыл сақталады.
Ұн Асүй қоңыздарын кейде ұнжемір деп те атайды. Себебі олардың сүйікті тағамы – ұн. Сондықтан ұн сақтауға қақпағында резеңкелі қабаты бар герметикалық құтылар керек. Ұнды тұз ерітіндісіне малынған зығыр қапқа да салуға болады. Ұн сақтайтын жерді таңдаған кезде ол күннен, ылғалдан, температуралар өзгерісінен және иісі бар өнімдерден «қорқатынын» біліңіз. Ұнды, мысалы, кофе және дәмдеуіштердің қасына сақтауға болмайды. Өсімдік майы мен сары май Өсімдік майын құрғақ қараңғы жерде сақтау керек. Оны жылу көзінен алыс ұстау ұсынылады, әйтпесе уақыт өте оның пайдалы қасиеттері жоғалады. Сары май аузы жабық ыдыста жылдар бойы бұзылмайды.
Жаңғақтар Жаңғақтар – өте пайдалы өнім. Жаңғақпен рацион құнарлы болады. Қабығы ашылмаған жаңғақтарды кенеп қапқа салып, қараңғы және құрғақ жерде жарты жыл сақтауға болады. Ал тазартылған жаңғақтарды 3 айға дейін сақтайды. Құрғақ сүт, кофе және шай Құрғақ сүт, кофе және шайлар өздерінің тағамдық құндылықтарын жоғалтпай ұзаққа дейін сақтала алады. Тек бір ғана талап қойылады: оларды герметикалық ыдысқа салу керек.
Соя тұздығы Соя тұздығы аузы ашылғаннан кейін де бірнеше жыл бойы сақталады. Бірақ ол жағымсыз иістерді сіңіріп алады, сондықтан оны иісі бар тағамдардан алшақ ұстаған жөн.
Ащы шоколад Ащы шоколадты 10 айға дейін сақтауға болады. Бірақ шоколадқа мейіз немесе жаңғақ сияқты қосымша өнімдер қосылмауы керек. Себебі олар оның жарамдылық мерзімін азайтады. Ақ шоколад майлы болып келетіндіктен ол бір айдан артық сақталмайды. Сондай-ақ салындысы бар шоколадтар алмаған жөн, олар екі аптадан соң өзінің дәмін өзгерте бастайды.
Консервіленген өнімдер Консервіленген өнімдерді ұзаққа дейін сақтауға болады. Оларды қараңғы жерде және 4-10 °C градус температурада ұстаған жөн.
massaget.kz

18 наурыз 2020 ж. 802 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930