Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » OLX-ке алданып қалудан сақтаныңыз

OLX-ке алданып қалудан сақтаныңыз

Сақ болыңыз OLX сайты алаяқтар алаңына айналып тұр. Аталмыш сайтқа қатысты жыл басынан бері 31 қылмыстық оқиға тіркелген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Соңғы тіркелген оқиғалардың бірін айта кетсек. Пәтерін OLX сайты арқылы жарнамалаған Өскемен қаласының тұрғынын ресейлік алаяқ алдап соққан. Ол өскемендіктен пәтерді сатпауын өтінген. «Алдын ала кепілақша аударамын» деп, жеке картасының нөмірін сұраған. Сөйткен де, картадан миллионнан астам қаражатты жымқырып кеткен, – дейді Өскемен қалалық ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Денис Еримбесов.
Полицейдің айтуынша, мұндай алдап-соғу әрекеттері көбіне ресейліктерге қатысты тіркеледі. Оны әшкерелеу оңай емес. Себебі, алаяқтар бір қолданған телефон нөмірін қайтадан пайдаланбайды.
Ал енді мына мәселеге тоқталайық. Картаның тек қана нөмірін білу арқылы қалайша ішіндегі қаражатты алуға болады? Ол былай. Карта иесіне ақша аударарда терминал бетіне ол кісінің толық аты-жөні және картаны пайдалану мерзімі шығады. Ал мұндай ақпараттарды білген адам, кез келген дүкеннен, CVC/CVV кодтарын термей-ақ, зат сатып ала алады.
25 шілде 2018 ж. 1 884 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 150

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031