Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақбота Керімбекова төртінші мәрте тұрмыс құрмақ па?

Ақбота Керімбекова төртінші мәрте тұрмыс құрмақ па?

Ақбота Керімбекова ел күтпеген мәлімдеме жасады. Үш некесі де сәтсіз аяқталған әнші, соңғы күйеуінің соққыға жыққанын Shownews.kz тілшісіне алғаш рет ашып айтты.

Керімбекованың өнерде жұлдызы жанғанымен, жеке өмірінде жолы болмады. Әншінің осы уақытқа дейін үш рет тұрмысқа шыққаны жайлы жұрт жақсы біледі. Осыдан екі жыл бұрын жас жігітпен отбасын құрған Ақботаның, аз уақыттың ішінде ажырасып кеткені де көптің талқысына түскен еді.
«Енді осы үшінші рет тұрмысқа шығуым ақымақтық болды. Мен сезімге берілгіш адаммын. Бәлкім сол кезде сезімнің етегінде кеткен шығармын. Алланың бір сынағы ғой. Көзіңді соқыр, құлағыңды керең қылып қояды. Ғашық болсаң, жан жағыңдағыларды ешкімді тыңдамай қаласың», – дейді Керімбекова.
Бақыттан күдерін үзбейтін Ақбота үшінші мәрте ақ келін атанып, қуанышын еселеуді көздеген. Алайда тағы да шалыс басты. Таңдаған азаматы әншінің тапқан табысына күн көріп, жатып ішердің дәл өзі болған сыңайлы.
«Әйел болсамда жағдайын қолымнан келгенше жасап, асырадым. Бүкіл қуанышы бар жақсылығы бар, ештеңені аямадым», – деді Ақбота.
Жас жігіттің Керімбековаға көрсеткен құйтырқы әрекеттері мұнымен шектелмеген. Альфонстың кейпіндегі еркек Ақботаны бірнеше мәрте соққыға жыққаны тағы бар.
«Иә, қол көтергені рас. Осы уақытқа дейін таяқ жемей жүріп, жасың қырыққа келгенде таяқ жеген жаман екен негізі. Емханадан бірақ шықтым ғой енді. Басымнан ауыр соққы алдым. Ішетіні де бар еді», – деді әнші.
Өнер иесі өзінен кіші күйеуінен қанша қорлық көрсе де қайын жұртымен қарым-қатынасын үзбеген әрі үш некедегі сәтсіздік әншінің жігерін жаншып, сағын сындырмаған.
«Менің өміріме кезіккендер атыма қызыққан шығар, бәлкім дүниеме қызыққан да болар. Кім біледі оны енді. Десе де, мен ешқанаш өкінбеймін. Қазақстанда тек мен емес үш рет тұрмысқа шыққан», – дейді өнер иесі.
Бұрындары жаңалығын жұрттан жасырмайтын Ақбота, бұдан былай жеке өміріндегі өзгерістер жайлы жан баласына жақ ашпауға бекініпті. Бүгінде бикештің арқа сүйер азаматы бар. Керімбекова таяуда төртінші мәрте тұрмыс құрса, таң қалмаңыз.
«Қазір жалғыз емеспін. Бірақ ол кісі жайлы ештеңе айтпай-ақ қояйын. Жеке өмірімді айтпаймын. Енді ештеңе демеймін. Тыныш өмірімізді сүріп жатырмыз болды», – дейді Ақбота Керімбекова.
24 қараша 2019 ж. 2 437 0

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930