Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақбота Керімбекова: Кейде әйел екенімді ұмытып кетемін

Ақбота Керімбекова: Кейде әйел екенімді ұмытып кетемін

Халықтың зор махаббатына, жылы ілтипатына бөленіп үлгерген танымал әнші Ақбота Керімбекова басқа әріптестерінен өнерімен, Құдай берген талантымен бір төбе бөлек тұрады. Сол бойына біткен өнерімен қатар бала-шағасын өзі жалғыз көтеріп келе жатыр. Stan.kz тілшісі әншімен кездесіп, шығармашылығындағы, жеке өміріндегі жаңалықтармен танысып, сұхбат құрып қайтты. Әнші жаңа түскен келінін қалай ұстайтынын, үшінші рет тұрмысқа шыққанын неге қателік санайтынын айтып, болашаққа деген зор үмітін жасырмады.

 Қазір ізденіс үстінде жүрміз. Әлі халыққа берерім көп деп ойлаймын. Шындап келгенде халыққа не керек, не ұнайды деп ойланып түсінбей жатамын. Көбісі жеңіл әнді қалайды. Біз орта буын әншілер болғандықтан, неден не жасасам екен деген шығармашылық ізденісте екенін айта келе жаңа бағытта жұмыс істеп жатқанын да айта кетті.

 Жаңашылдық «карамель» бағытында болып кетпей ме? деген сұраққа, «Карамель» болып шығатындай жаста емеспін. Біздің бағыт қазақи, лирикалық. Бұл бағыттан алыстап кетемін деп айта алмаймын. Стилімді өзгертіп, жалаңаштанамын деген ой мүлдем жоқ. Керісінше сахнаға қарапайым болып шыққанды жақсы көремін. Өйткені халыққа менің әнім, үнім керек. Ішкі ойым мен жан сырымды паш ететін әнім керек. Көпшілік біледі, қыруар ақшаға көйлек те сатып алмаймын. Ол қыздардың қатарынан емеспін, мен ондайға қарсымын. Әдемілік керек, бірақ сыртқы сұлулықтан гөрі ішкі жан дүниенің сұлулығына сай болу керек екенін айтып өтті. 
 
Өз бойыңызда қандай зиянды әдеттер бар? дегенде, "сенгіштігімнен көп алдандым. Өйткені адамдарды өзім сияқты қабылдаймын. Ешкімге сенбеймін деп өмір сүрейін десең, сенбей қалай өмір сүресің? Өнер адамы болған соң сенім болмаса, дұрыс творчество шықпайтын сияқты. Әншінің  репертуарынан-ақ оның қандай адам екенін, ішкі болмысын тануға болады. Мен өте жылауық, көңілшек адаммын. Тез шешім қабылдай саламын. Маған бәрі тез болуы керек.  
Біреуден бірдеңе сұрауға намыстанамын. Жас кезден бәрін өзім жасауға қалыптасып кеткенмін. Кейде әйел екенімді де ұмытып кетемін" - деді.
Барлығына өзім жеткенді жақсы көремін дейсіз. Тәуелділікті жек көретініңіз байқалып тұр. Бұл қасиет ер азаматпен араласқанда кедерігі болмай ма? деген сұраққа, "Басында сенгіштікпен күн кештік, бірақ сеніп отыра берсең де, ешкім ешнәрсе бөліп бермейді. Не нәрсеге де болмасын өзім жетуім керек деген мақсат болды. Әке-шешем оқытты, бақты, қақты. Біреуден ақша сұрау немесе тоқалы болу менің намысыма тиетін дүние. Сол себептен барынша өзім тырыстым. Иә, тәуелді болғым келмейтін де шығар. Мендегі басты мақсат келесі өмірге жақсы амал жасап қалу. Ал басқалары түсіне ме, түсінбей ме - басымды ауыртқым келмейді. Не десе, о десін. Содан рахаттанса, айта берсін. Шүкір бақыттымын" - деп шындығын жасырмады.
Алла сендерді жұп-жұп қылып жараттық дейді. Жұбыңызды күтесіз бе?  "Әрине, күтемін, бірақ тұрмысқа шығу-шықпау туралы мен ештеңе айта алмаймын. Менің жайымды түсінетін, ұғынатын, бар болмысымды қабылдай алатын, әнші Керімбекова деп емес, жай ғана Алланың жаратқан пендесі ретінде мені қабылдай алатын ер азамат болса, неге тұрмысқа шықпасқа? Мен үмітімді үзбеймін.

Үшінші күйеуіме ақымақтықпен шықтым деп ойлаймын, сенім болды. Мен өзім жалғыз жүре алмаймын. Жалғыздық кімге де болсын - ауыр.
Айтқым келетін тағы бір дүние, әсіресе, менің жеке өмірім қатты қызықтыратын оқырмандарға айтарым - мен үшін алаңдамаңыздар. Бес рет шығамын ба, он рет шығамын ба - ол менің жеке өмірім. Адамның емес, Алланың айтқаны болады. Шығатын жағдайда хабар беремін - деп тура айтты. 
31 шілде 2019 ж. 1 722 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930