Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыртқыш аңдардың циркте өнер көрсетуіне тиым салынды

Жыртқыш аңдардың циркте өнер көрсетуіне тиым салынды

Жабайы жануарларды торда ұстап, кейін әдейі баулап, қылығын тамашалау әуелден қалыптасқан әдет.

Бірақ соңғы кездері гуманизмге аяқ басуға бел буған кей белсенділер оларды зообақта ұстаумен қоса, цирк сахнасына шығаруға қарсылық білдіріп жүр. Расымен, қуыршақтың киімін киген арыстанға күліп қарау мүмкін емес. Енді алғашқылардың бірі болып Париж қаласы басшылығы жыртқыш аңдарды цирк сахнасына шығаруға тиым салды. Ереже 2020 жылдан бастап күшіне енеді. Репертуарында жабайы жануарлардың бағдарламасы бар шапитолар енді бұрынғыша қаладан арнайы бөлінген жерде өнер көрсете алмайды. Тек енгізілген жаңа ережеге сай қызмет ұсынатын ұжымдарға ғана қала әкімдігі қол ұшын созады. Осы ұсынысты құп көрген "Буглионе" және "Грюсс" цирктері бұрынғы орындарында қалады. Қалғанының лицензиясы қайта қаралады.
Париждің көшпелі француз цирктерінде қазір мыңнан астам жыртқыш өнер көрсетеді. Олардың қатарында жолбарыстар, арыстандар, піл, бегемот, бабуиндер мен макакалар, сондай-ақ, аюлар мен зебралар бар. Енді жануарларға қорлық көрсету мен көңіл көтеру мақсатында пайдалану заң жүзінде жазаланатын болады.


24 қараша 2019 ж. 1 350 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 128

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 103

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 112

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031