Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нумеролог: Мүшел жаста дертке шалдығып, отадан аман-сау шықпай қалуы ықтимал

Нумеролог: Мүшел жаста дертке шалдығып, отадан аман-сау шықпай қалуы ықтимал

Мүшел адам өміріндегі қауіп-қатерге толы өтпелі кезеңдердің бірі ретінде саналады. Бұл кезеңнен аман-есен шығу үшін әлі күнге дейін салт-дәстүрлерге сүйеніп, тыйымдарға құлақ асамыз. Мүшел жаспен бірге адам өмірінде жағымсыз сәттердің, қолайсыз жағдайлардың орнайтынына сенбей, мұны наным-сеніммен байланыстыратындар баршылық. Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі отандық нумеролог Ардана Мамедовамен сұхбаттасып, сандар ғылымында мүшел жастың қандай рөл ойнайтынын анықтады.

Қазақ халқы көне заманнан бері мүшел жасты қатерлі деп санап, бұл кезеңнен аман-есен шығу үшін белгілі бір талаптарды сақтауға кеңес берген. Мүшел жастағы адам — әлсіз, сондықтан ұзақ сапарға шықпағаны дұрыс, көз бен тіл тимесін десе, көзге түсетін сәнді киімдерді кимеуі қажет деумен барынша сақ болу керектігін санаға құйып отырған. Мүшелге толғанда жамандықтан аулақ болуы үшін жақсы көретін киімді немесе бір затты жақын досына немесе туысқанға беру керек деп ырымдауы әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай, қазақтардың арасында кеңінен қолданылып келеді. Нумеролог Ардана Мамедованың айтуы бойынша, сандар ғылымына сүйеніп, халықтың мүшел жасқа үлкен көңіл бөлуін наным-сенімге емес, даналыққа балауға болады.
"Нумерологияда өмірлік күш-қуатымызды айқындайтын энергия әлеуетінің графигі деген ұғым бар. Бұл график арқылы адамның энергиясы аз немесе көп екені анықталады. Бастысы адам мүшел жасқа толғанда графигі нөл санына түсіп қалмауы тиіс. Нөл саны — адамның бір ауруды жеңіп шығуға энергиясы жоқ дегенді білдіреді. Мүшел жаста энергия көрсеткіші нөлді құраса, адам күрделі дертке шалдығып, отадан аман-есен шықпай қалуы ықтимал. Клиенттерімнің жеке тәжірибесінде денесі ғаріп болып қалған, өміріне қастаңдық жасалынған жағдайлар болған. Бұл кезеңде күрделі оталар жасауға болмайды, денсаулыққа белгілі бір қауіп төнуі мүмкін", — дейді нумеролог.
Маманның айтуы бойынша, энергия әлеуетінің графигінде адамда нөл саны екі рет шықса, ол дүниеден озып кетуі мүмкін. Графиктегі басқа сандар адам өміріне қауіп төндірмейді.
"Егер екі саны түссе, бұл адамда жұмысында жетістіктерге жету үшін, отбасына көңіл бөлу үшін кішкене күш-қуат жетпейді, ол үнемі шаршап жүргендей болады. Жеті, сегіз, тоғыз саны шықса, бұл — адам энергияға толы, жетістікке жетуге, шыңдарды бағындыруға дайын дегенді білдіреді, — дейді Ардана Мамедова.
Мамедованың сөзінше, энергиясы нөлге түсіп кеткен адам, сандар ғылымынан хабары болмаған соң, күш-қуатының жоғалуының себебін жұмыста жетістікке жете алмаудан, туысқандарымен қарым-қатынасының нашарлап кетуінен іздейді.
Қазақтарда ең алғашқы мүшел 13 жаста, кейіннен 12 жастан қосылып отыра береді. Екінші мүшел 25 жаста, үшінші мүшел 37 жаста, төртінші мүшел 49 жаста, бесінші мүшел 61 жаста, алтыншы мүшел 73 жаста, жетінші мүшел 85 жаста, сегізінші мүшел 97 жаста, тоғызыншы мүшел 109 жаста, оныншы мүшел 121 жаста.
Дана халқымыз тоғызыншы мүшелден шыққан қарияны "ақ ата", "киелі ата" деп, ал апаны "кейуана", "әулие апа" деп атаған.

20 қараша 2019 ж. 1 872 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930