Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қазақстандық нумеролог 7 санының құдіреті туралы айтып берді

Қазақстандық нумеролог 7 санының құдіреті туралы айтып берді

Адамдар табысқа кенелу мақсатында балгерлерге жолығып, теріс жолға түсіп жатады. Алайда қазақстандық нумеролог Зарема Асылхан қарапайым арифметиканың көмегімен-ақ өмірді түбегейлі өзгертуге болатынын айтып жатыр.Қазақстандық нумеролог 7 санының құдіреті туралы айтып берді
“Сандардың құдіреті бар екені рас. Нумерология ғылымында өмірдің белгілі бір саласын “іске қосатын” цифрлық комбинациялар, индекстер бар. Мысалы, олардың көмегімен жеке өмірді немесе қаржы мәселесін өзгертуге болады. Бұл сандарды мандал үшін пайдаланады. Әдетте көп адам 7 санын ұнатады. Ол табыс алып келеді деп сенеді. Бізде “керемет жетілік” деген секілді архетип қалыптасқан. Оның үстіне жеті рухани байлық пен табыстың нышаны. Матрица анализінде 7 саны кездесіп жатса, адамның жолы болғаны. Әр адам үшін датаның өзіндік вибрациясы бар. Бұл жерде сан адамды ерекшелігімен баурап алуы мүмкін. Плацебоны да ұмытпайық. Яғни адам жақсылықтың болатынына сенген сайын өмірінде таңғажайыптар орын алады”, – дейді нумеролог Зарема Асылхан.
Архетип деп психологиялық деңгейде өмір сүретін ұжымдық бейсананың бөлшегін айтамыз. Мұнымен қатар, Зарема ханым өзінің жеке сайтында есімді өзгерту арқылы тағдырды өзгертуге болатыны туралы жазған болатын. “Есімді өзгерту арқылы атадан-балаға беріліп келе жатқан проблемалардан арылуға болады. Көп жағдайда мүшелері бірінен кейін бірі қайтыс болған отбасында есімді өзгертетін болған. Яғни осылайша жаман күш иелерін алдаған. Жаңа есім өз кезегінде адамға жаңа өмір сыйлаған. Бұл дәстүрді қазір түрлі дін өкілдерінің мәдениетінен кездестіруге болады. Мысалы, православиеде сопылар санды алғаннан кейін оларға жаңа есім қойылатын болған. Қазақтар қатты ауырған баланың есімін өзгертіп жатады… Шоу-бизнес өкілдері де өздеріне құлаққа жағымды тез жатталатын псевдоним таңдап жатады. Псевдоним мансап жолында табысқа кенелтетіндей, есте қаларлықтай болуы тиіс”, – дейді Зарема ханым.
stan.kz
11 қараша 2019 ж. 87 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930