Мандариннің пайдасы мен қаупі
Мандариндер дәрумендерге бай болып келеді, сондықтан ол бактерияларға қарсы әсер ететін функцияға ие.
Алайда өндірушілердің мандаринді ұзақ сақтау үшін арнайы дәрілермен өңдеуі адам десаулығына зиянын тигізуі мүмкін. Ресейлік мамандардың айтуынша, бұл жемістің түрлері витаминдерге, микро және макроэлементтерге, антиоксиданттар мен басқа да пайдалы минералдарға бай болып келеді, ал мұндай заттар зең мен бактериялардың көбеюінің алдын алып, қыста суық тиюден сақтайды. Оның құрамындағы бета-каротин жүрек жұмысын реттеуге ықпал ететін көрінеді. Сонымен қатар, диетологтар асқазан және ас қорыту мүшелерінің ауруы бар және асқазан қышқылы жоғары адамдарға мандаринді жегенде абай болуы керек деп ескертті. Бұған қоса олар цитрусты жемісті аш қарынға жеуге болмайтынын қосты. Ескере кетерлік жайт, мандарин қабығын пайдаланбау қажет. Себебі шетелдік өндірушілер мандариннің қабығын оның көп уақыт бойы сақталуын қамтамасыз ету үшін арнайы зеңге қарсы дәрілермен өңдейді. Ал бұл дәрілер денсаулыққа өте қауіпті. Мамандар мандаринді күніне 2-3 ғана жеп тура қажет деп айтты.