Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәттіні немен алмастыруға болады?

Тәттіні немен алмастыруға болады?

Тәттіні тым көп тұтыну теріге әсер етпей қоймайды. Байқасаңыз, кәмпит пен торт жеуді тоқтатқан аралықта бетіңіз тегістеліп, безеулер жоқ болып кетеді. Бетіңіз үнемі осындай мінсіз болуы үшін тәттілерден тек кейде ғана емес, түбегейлі бас тарту керек.
Ендеше оны немен алмастыруға болатынын қарастырып көрейік.
Тәттіге деген шамадан тыс құмарлық, ағзаңызға қант, яғни қарапайым көмірсулар жетіспеуінің белгісі болуы мүмкін. Көмірсулар дене мен ми үшін энергия көзі болып табылады. Алайда көмірсуларды сол сәтте "сарқып тастамасаңыз", ол артық салмаққа айналады.
Тәтті шоколад пен сусындарды жеміс пен жеміс шырындарымен алмастыруға болады. Оларда да көмірсулар шамасы сондай, алайда калорий азырақ. Яғни, артық салмақ та, теріге шығатын түрлі жара да сізді мазаламайды.
Сонымен қатар жемістер мен олардың шырынындағы дәрумендер кәмпиттер мен газдалған сусындардан әлдеқайда пайдалы. Оның үстіне қазіргідей жеміс-жидектер науқаны – ағзаны дәрумендермен байытуға таптырмайтын шақ.
Күнделікті тұтынатын тағамдар қатарынан тек "айдан анық" тәттілерден бас тарту жеткіліксіз болады. Йогурт пен кетчуп сынды тағамдарда "жасырын қант" болатынын да ұмытпаңыз. Мұндай өнімдер қазіргі таңда маркет сөрелерінде толып тұр. Тіпті, 90 пайызы сондай десек те болады. Олардың орнына жаңғақтар мен кептірілген жеміс алып қойыңыз. Табиғи бал да пайдалы.
Ең бастысы, қанттан бас тартқаннан кейін де үнемі тері гигиенасын сақтап, күтім жасап отыруды ұмытпаңыз. Себебі, онсыз бұл қадамыңыздан еш нәтиже шықпайды.
11 қараша 2019 ж. 1 495 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930