Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2030 жылға дейін "жойылатын" мамандықтар

2030 жылға дейін "жойылатын" мамандықтар

1. Тур агенттік қызметі Қазір шетелге саяхат ұйымдастыратын арнайы тур агенттіктер жабылып жатыр. Саяхаттауға ниет еткен адам үйде отырып-ақ онлайн түрде барлық саяхатын ұйымдастыра алады.
2. Кассир Mcdonald's, KFC сынды танымал жерлердің өзінде тапсырысты онлайн қабылдап, төлемді де сол уақытта жасауға болады. Әлемнің кез келген жерінде төлем жасауға мүмкіндік туғызған онлайн төлем қолданысы күн сайын артып, жақын арада кассир қызметіне деген сұраныс төмендейтіні айқын.
3. Кітапханашы Көптеген жерлерде бұл қызметті атқарушы жандарды жұмыстан шығарып, сандарын барынша қысқартып жатыр.
4. Хат жеткізуші шабарман Компания мен мекемелерде хат, өтініш, қандай да бір құжат болсын онлайн форматта қабылдау кеңінен етек алуда. Барлық қажеттілікті электронды құрал көмегімен өтеп жүрген адам үшін шабарманның қызметіне деген сұраныс жоқ.
5. Банк қызметкері Жақын арада банк бөлімшелері түгелдей жабылып қалмағанымен, саны әлдеқайда азаятын болады. Пайдаланушылар үшін онлайн және телефон арқылы жасалатын банкинг қызметі ыңғайлы. Өзіңізге қолайлы уақытта, кезек күтпестен транзакция жасап, өз шотыңызды оңай басқаруға мүмкін.
6. Тоқыма өнеркәсібі қызметкері Өндірісте қолданылатын жаңа технологияның арқасында жартылай автоматтандыруға көшіп жатқан кәсіпкер мен мекеме үшін қызметкерден гөрі жылдам әрі сапалы істейтін технологияны жұмылдырған әлдеқайда тиімді.
7. Баспа индустриясы Газет және журнал баспаларынан бастап оларды өндіретін және тарататын жұмыс орындары үшін онлайн нұсқаларын ұсынып, баспа ісіне жаңа технологияны беру кеңінен етек алуда.
8. Төреші Спорттың көптеген түрлерінде ойынды бағалау үшін технологияның көмегін пайдалануды жөн санайды. Футбол ойындарының өзінде қақпаның желісі атты технологиямен қатар бейне Судья көмекшісі (VAR) жүйелері әлемдік деңгейдегі жарыстарда қолданылады.
9. Ұшқыш Әлемнің түкпір түкпірінде ұшақты ұшқышсыз ұшыру аппараттарын дамыту үшін қарқынды жұмыс жасалуда. Ұшақтағы экипаждың өзі екі адамға қысқарған. 2030 жылға қарай ұшақ кабинасын басқару үшін тек бір бақылаушы қажет болуы мүмкін.
10. Такси жүргізушілері Өздігінен жүретін автокөліктердің көбеюі жақын аралықта такси жүргізушілерін қажет етпеуі ықтимал.
qamshy.kz
03 қазан 2019 ж. 1 155 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930