Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Бірінші арна” операторы Димашқа тіл тигізді: фанаттар кешірім сұрауды талап етуде

“Бірінші арна” операторы Димашқа тіл тигізді: фанаттар кешірім сұрауды талап етуде

Димаштың тыңдармандары "Бірінші арна" операторынан "ешкі" дегені үшін жауап беруді талап етіп жатыр.

“Бірінші арнадағы” “Не? Қайда? Қашан?” бағдарламасын түсіру кезінде телеоператорлардың бірі танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге тіл тигізгені видеоға түсіп қалған.

Димаш танымал ойынның қатысушыларына арнап өзінің Mademoiselle Hyde әнін орындайды, оны композитор әрі продюсер Игорь Крутой роялмен сүйемелдейді. Осы кезде режиссер Саня деп атаған операторлардың бірі рациямен “Мына ешкі оған көлеңкесін түсіріп тұр” дейді (жазбаның 35-ші секунды).

Жұмыс процесіндегі осы дөрекі сөзді естіген әншінің жанкүйерлері бұл сөз Игорь Крутойға көлеңкесін түсірген Димашқа қарата айтылды деп шулап жатыр.

“Көңілім жайланар емес. Ол бағдарламаны қайталап көрдім. Иә, Димаштың көлеңкесі Игорьге түсіп тұр. Арнаға хат жіберу керек. Оператор бұл сөзі үшін жауап берсін”, – деп жазды Gulnar B2 деген қолданушы.

“Әрине, бәрі жақсы өтті. Бірақ Димашты ешкі деуге бола ма? Қызметкерлеріңізді тәрибиелеңіздер. Сіздер миллиондаған адамның кумирін түсіріп жатырсыздар”, – дейді Санкт-Петербург тұрғыны.

“Ешкі дегендеріңіз үшін жауап берулеріңіз керек!!! Біздің кумирге тіл тигізу шектен шыққандық !!!” – деп ашуланды желі қолданушысы Раушан Наханова.
03 сәуір 2019 ж. 1 417 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 147

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 151

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031