Шварценеггер өмірден не түйді?
«Мен мықты қызметте болғанда, олар мені аяғымды жерге тигізбей мақтап еді, қызметтен айырылғаным сол, мені мүлде ұмытып, маған берген сертін естен шығарды».
«Ештеңе мәңгілік емес. Арнольд Шварценеггер өзіне арнап қоладан құйылған ескерткіштің іргесінде ұйықтап жатқан сәтін желіге жүктеп, төменгі тұсына «заман қалай құбылды...» деген оймақтай ой қалдырады.
Ескерткіштің арғы жағында қонақ үй тұр. Шварценеггер Калифорния әкімі болған тұста осы қонақ үйдің қызыл лентасын қиып, ашылу салтанатына қатысыпты.
Сол кезде қонақ үй әкімшілігі Арнольдке «сізге әрдайым есігіміз ашық. Қонақ үйдің бір бөлмесін сіздің атыңызға мәңгілікке меншіктеп қоямыз, қалаған уақытыңызда келіңіз, мархабат», – дейді.
Шварценеггер Калифорния әкімі қызметінен түскеннен кейін осы қонақүйге түнеуге келеді. Алайда қонақүй басшылығы Шварценеггерге тиесілі нөмірді «бізге келушілер көп» деп тегін беруден бас тартады.
Арнольд саспайды, көрпе-жастығын әкеліп, қонақ үй іргесіндегі ескерткіш түбіне түнейді.
Арнольд осы арқылы не дегісі келгенін былай баяндайды.
«Мен мықты қызметте болғанда, олар мені аяғымды жерге тигізбей мақтап еді, қызметтен айырылғаным сол, мені мүлде ұмытып, маған берген сертін естен шығарды. Өмірде қызметіңізге де, ақшаңызға да, күшіңізге де, ақылыңызға да сенбеңіз. Ештеңе мәңгілік емес...» – дейді дана Арнольд.
sn.kz