Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйтеке би бабамызға ескерткіш орнатылды

Әйтеке би бабамызға ескерткіш орнатылды


Бүгін Қазалы ауданында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Әйтеке би бабамызға арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өткізілді.

Салтанатты жиында сөз алған өңір басшысы Қырымбек Елеуұлы қазалылықтарды Алаштың үш биінің бірі, әділдіктің алдаспаны атанған Әйтеке биге арналған ескерткіштің ашылуымен құттықтады. Аймақ басшысы ауданда соңғы уақытта атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
Сонымен қатар аудан тұрғындарының атынан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О. Бекбанов сөз сөйлеп, аймақ басшысына өзінің ризашылығын жеткізді. 
Әйтеке бидің ескерткішін ашылу салтанатынан соң гүл шоғы қойылып, ата-баба рухына құран бағышталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
26 желтоқсан 2018 ж. 3 625 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 99

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930