Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қария екі жігітті өлтірмек болды

Қария екі жігітті өлтірмек болды

Ресейде қарияға бұзақылық ниетпен екі адамды өлтірмек болды деген айып тағылып жатыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

70 жастағы зейнеткер тұрғын үйде ілініп тұрған өнеркәсіп альпинистерінің арқанын кесіп жіберді, деп хабарлады Ресей Федерациясының Перьм өлкесіндегі тергеу комитетінің тергеу басқармасы.

Қарияға бұзақылық ниетпен екі адамды өлтірмек болды деген айып тағылып жатыр.

13 тамызда Перьм қаласында 28 және 30 жастағы екі альпинист көп қабатты үйдің тоғызыншы қабатында жұмыс істеген. Олардың келгені тұрғындардың біріне ұнамай қалған. Масаңдау зейнеткер жұмысты тоқтатуды талап етеді. Жұмысшылар одан бас тартқан. Бұған қатты ашуланған тұрғын шатырға шығып, кек алу үшін жігіттерді ұстап тұрған арқанды кесіп жібереді.

Бір жұмысшы құлап кетіп, қауіпсіздік арқанына ілініп қалады. Екіншісі шатырға көтеріліп, зейнеткердің арқан мен қауіпсіздік сымарқандарын толық кесіп тастауына кедергі келтірген. Сосын әріптесін шатырға көтеріп алған.

«Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселе шешіліп жатыр. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, дәлелдерді жинауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген ресми хабарламада.
qazweek.kz
15 тамыз 2019 ж. 938 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031