Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдер күнде кездесетін 5 қауіп

Әйелдер күнде кездесетін 5 қауіп

Нәзік жандылардың асүйде қауіпке толы заттар бар. Олар туралы білеміз бе?

Отбасы мүшелерінің мен денсаулығына қауіп төндіретін тұрмыстарғы ең қауіпті 5 затты massaget.kz сайты назарларыңызға ұсынып отыр.

1.Газ плитасы

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, ер адамдарға қарағанда әйелдер жиірек күйеді екен. Мұндай келеңсіздік асүйдегі қауіпсіз емес газ плиталарына тамақ дайындау кезінде көбірек орын алады. Сондай-ақ пешке қорғаныш қойып, балалардан олардан алыс ұстау керек.

Газ плитасының қасына оңай жанғыш заттарды қоюға болмайды және онда тұрған ыстық ыдысты қолмен ұстамау өміріңізіге қауіпті.

2. Ыдыс жууға арналған сорғыш

Асүйдегі ең лас зат – сорғыш. Әрбір ыдыс жуғаннан кейін онда қалып қойған тамақ пен майлардың көзге көрінбейтін қалдықтары жылумен және ылғалмен қосылғанда бактерияларға арналған қолайлы орта жасайды.

Егер оны аптасына бір рет ауыстырып тұрмасаңыз, асқазан жұмысының бұзылуы, іш ауруы және т.б. бактериялардан түрлі келеңсіздіктер орын алуы мүмкін.

3.Ауа

Асүйдің ауасы газ жанғанда және тамақ дайындағанда формальдегид, акролеин, аммиак және т.б бөлінетін түрлі зиянды заттарға толады. Олар өкпеңізге жиналып қалмас үшін уақытылы үйді желдетіп алу қажет.

4. Тостер

Бір қарағанда зиянсыз көрінетін бұл асүй заты жылына шамамен 700 адамның өліміне себепші болады. Олар тоққа тығылып тұрған құрылғыдан тұрып қалған нан бөлігін пышақпен алу кезінде тоққа түседі екен.

5. Тоңазытқыштағы өнімдер

Әсіресе, тоңазытқыштағы бір-бірінің үстіне қойылған тағамдар зиян. Мысалы, дайын тамақтар шикі азықтан бактерияны өзіне сіңіріп алады. Сонымен қатар, тоңазытқыштың есігіне сақтайтын тұздықтар да адам денсаулығына зиян, себебі олардың түрінен ештеңе білінбегенмен, бір рет ашылған ыдыстағы тұздыққа бактерия жылдам көбейеді.

Тамақтан уланбас үшін етті, көкөністі және дайын тамақты бөлек-бөлек сөреге салыңыз. Азық-түліктің жарамдылық мерзімін жиі тексеріп, уақыты өтіп кеткен өнімді бірден лақтырыңыз.

08 тамыз 2019 ж. 775 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 110

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 108

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031