Мәдина Сәдуақасова күйеуімен қалай танысқаны туралы айтып берді.
Белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова күйеуі Олжас Смағұловқа қалай тұрмысқа шыққаны туралы айтып берді. Өнер иесі күйеуімен жолықтырған "Хабар" арнасының ұжымымен түскен суреттерін жүктеп, ұжымдағылар қалай таңқалғанын есіне алды.
"Олжас екеумізді жолықтырған "Хабар" арнасының ұжымында кеше той болды. "Олжас Мадина Садуақасоваға үйленейін деп жатыр дегенді естіп, бәріміз шалқамыздан құлай жаздадық" деп тойдың алдындағы әңгімелерді еске түсіріп жатыр ғой бәрі", - дейді Мәдина Сәдуақасова.
Телеарнада танысқан жұп бүгінде бір баланың ата-анасы атанған. Мәдина Сәдуақасованың күйеуі "Хабар" арнасының режиссері болған екен. Естеліктерді көрген жұрт желіде тілектерін білдіріп, ойларын ортаға салды.