Қыз ұзатқан Сиви Махмұди: "Бағалы көйлектерімді сыйлаймын"
Қазақша киініп, қыз ұзатқан Сиви Махмұди желідегілерді таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық киім киіп, қыз ұзатып жатқан Сиви Махмұдидің бейнежазбасы желіде кең тараған. Ырымдап жас келінді жаңа отбасына шығарып салған әнші бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларының бірінде жазба қалдырған. Әнші өзі ұзатқан қыздарға көйлектерін сыйлайтын болыпты.
"Қымбатты менің достарым! Бүгіннен бастап мен үшін ерекше орын алатын "Қыз Ұзату" дәстүріне арналған әндерімді сіздерге ұсынғалы отырмын! Мені осы күнге дейін дайректе жас қыздар, сізге еліктейміз, ұзатуымда сыңсуды сіз айтсаңыз деп көптеген ұсыныс білдіріп жататын. Сіздердің көптеген xаттарыңыздан кейін, сыңсу әнін жазайын деп шештім. Аллаға мың шүкір үш баланың анасы болып отырмын. Ырымшыл қазақпыз ғой ,мен де өзімнен бір естен кетпес сыйлық болсын деп, өзім сыңсу айтып ұзатылып жатқан сіңлілеріме өзімнің бағалы көйлектерімді сыйлайын деп шештім" - дейді Сиви Махмұди.
Мұны көрген желідегі жұрт жарыса пікір қалдырып, әншінің жаңа бағытынының ерекше ұнағанын айтқан. Тіпті мені де ұзатыңызшы деп ұсыныс жасаған қыздардың да қатары көп болды.
"Тіл-көзден аман бол", "Жарасымды. Наным-сенімге берік халықпыз ғой. Жолыңыз жақсы. Бақытты ана, аяулы жар, халықтың сүйікті қызысыз. Ұзатылған қыздарға жолыңызды берсін", "Қарапайымдылығың ұнайды", "Сиви ханым, керемет! Маған осы көйлегіңізді сыйлаңызшы", "Мені де ұзатыңызшы", "Мен де сіздің шығарып салғаныңызды қалаймын", "Алтыным менің", - деп жағымды пікірлерін жаудырған.