Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бәрі қазақы дәстүрге сай өтті: Айдар Тұрғанбек өзге ұлттың қызын ұзатты

Бәрі қазақы дәстүрге сай өтті: Айдар Тұрғанбек өзге ұлттың қызын ұзатты

Әнші Айдар Тұрғанбек өзге ұлтты арудың қазақы дәстүрге сай ұзатылып, қазақша өткенін айтты. Аруды әншінің өзі ұзатқан.
Қазақ қыздарын ұзатып, құтты орнына қондырып жүрген Айдар Тұрғанбек бұл жолы өзге ұлттың қызын ұзатты.

Бұл жайлы әншінің өзі желідегі парақшасында айтты.

Айтуынша, той қазақша өткен. Қазақтың жөн-жоралғысы жасалып, қазақ әндері шырқалыпты. Бата беріліп, қазақ халқының салтымен ұзату тойы болды.

"Бастапқыда өзге ұлттың тойына адасып келіп қалдым екен дедім. Ұзытылған қыз да, күйеу жігіт те басқа ұлттың өкілі. Енді Африкаға барып қыз ұзатсам таңғалмаңыздар", - деді әнші.

Той Шымкент қаласында болған. Әнші сөз соңында той иелерінің күрдтер екенін атап өтті.

"Қазақтың салтымен қыз ұзатқаны қызық екен", "Той құтты болсын, жастар бақытты болсын", "Шымкентте барлық ұлт қазақ болып кеткен", - дейді желі қолданушылары.


31 шілде 2019 ж. 1 296 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 75

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 78

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 61

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930