Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Паразит ер адамның миын жеп тастаған

Паразит ер адамның миын жеп тастаған

Солтүстік Каролинада аквапаркке барған америкалық Эдди Грей адамның миын жейтін паразит жұқтырып алған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме жасап.

12 шілдеде 59 жастағы Грей Fantasy Lake аквапаркіне достарымен бірге барған. Алайда, бір аптадан соң ол қайтыс болып кетеді. Анықталғандай, ер адам амеба (амеба Неглерия Фоулер) жұқтырып алған. Паразит ер адамның мұрнынан кіріп, ары қарай миын жеп тастапты. Грейдің отбасы бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартқан.

Осы оқиғадан кейін адамдарға Солтүстік Каролинаға демалуға бағанда абай болу керектігі ескертілді. Денсаулық сақтау департаментінің басшысы Дуэйн Холдердің айтуынша, суда жүзу қауіпті емес екен. Бірақ суға секірерде мұрынды жауып түсу керек екенін ескертті.

Сондай-ақ, ғалымдар паразит егер адамның аузынан кірсе, ешнәрсе болмайтынын айтады. Бірақ паразиттер негізі иммунитеті әлсіз адамдарға қауіпті екен.
29 шілде 2019 ж. 738 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930