Ләйлә Сұлтанқызы: 24 жасымнан ботокс жасатамын, бетіме әр салған уколда жылаймын
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бет күтімінде әр 2-3 сағат сайын крем жағып отыру керектігін айтты.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. Ләйлә ханым бет күтімі туралы жеке парақшасында нақтылап түсіндіре жазды: "Бет күтімі. Укол салсам әжім кете ме? Косметолог емеспін, бірақ білетініммен бөліссем..
Қазір жаз. Күннің ыстығынан бет терісіне дақтың түсуі, әжімнің, секпілдің көбейетін кезі. Күнге күйді деген сөз, ол SPF-сіз далаға шықтыңыз деген сөз. Қызылорда жақта күнге бауырсақ қуырылып жатқанда, біздің бет теріміз оның қасында ойыншық қой. Күймек түгіл, быт-шыт болып өртеніп кетеді, қорғамасаңыз. Неге кәрістер ыстықта қолшатыр ұстайды?! Өйткені бетке күн тигізу деген сөз оларда күтіне алмайды дегенді білдіреді. Одан артық оларға өлім жоқ.
Біз бірдеңе жағамыз-ау, дегенмен оны жаңартпаймыз не сыртында детксий крем деген жазу болса да күтініп жүрміз деп ойлауымыз мүмкін. Ну почти дегенім ғой, бұл жәй салыстырма, дұрыс түсініңіз. Және таңертең жаққан креміңіз кешке дейін ол бетті қорғай алмайды, әр 2 сағат сайын жаңартып отыру керек.
Кез келген күтім жүйелікті талап етеді. Қазір 12-15 жасынан қыздар күннен қорғайтын жеңіл крем жағу керек. Күнде. Күндіз және түнге арналған кремді.
Дақ кетпей жатса, майда әжім пайда болғаннан бастап тері терең тазартуды, терең күтінуді қажет етеді. Міне сол кезде укол салу арқылы ғана емдеуге болады.
{Возмите на заметку}
Ішкі құрылысыңыз дұрыс жұмыс істесе, өз теріңіздің проблемасын нақты білсеңіз, типін анықтасаңыз салдыру керек уколдар тізімі -
витаминдер, дақтарды ағартатын, коллаген, гиалурин қышқылы, биоревилитация, түрлі коктейлдер, нити, диспорт, плазмолифтинг т.с.т. Тек косметологыңыз сенімді және тексерілген болу керек.
Мен 24 жасымнан диспорт (ботокс) салдырам, 27 жасымнан қалғанын айына 1 рет осы жасыма дейін салдырып келем. Ал енді санай беріңіз, қанша рет укол салғанда жылағанымды, оңай емес.
Ал менің мамам өз жасына қарамастан жас көрінеді, себебі ширақ, артық салмақ жоқ и 45 жасынан ғана крем жаға бастаған. Так что әр әйелдің бет күту жолы мен формуласы бір біріне ұқсамайды. Біреу ерте, біреу кеш бастысы "бетім жаман" деген диагнозды өзіңізге қойып алып, депрессиямен достаспаңыз...Сурет түрлі түрлі процедура мен өңдеуден өткен".