
Аурудан айықтырған тігін машинасы
Шілденің шіліңгір ыстығы. Тас төбеден төнген күн күйдіріп барады. Біз мінген жеңіл көлік Қазалы қаласындағы Қосаев көшесіне түсті. Көшені бойлап, діттеген мекенжайға келіп жеттік. Аулада ойнап жүрген қыз балалар жарыса амандасып, мәз-мәйрам. Тап-таза, қоңыр салқын, жанға жайлы үй ішінен тек сырт-сырт еткен...