Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» Қазақстанда кейбір ЖОО-ның студенттері диплом ала алмай қалуы мүмкін

Қазақстанда кейбір ЖОО-ның студенттері диплом ала алмай қалуы мүмкін

Көбенованың айтуынша, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырып жатқан студенттер бұл жағдайдан сабақ алмаған. Білім және ғылым министрлігі үш жоғары оқу орнының аккредитациялық куәліктің кері қайтарылғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР/IAAR) мен Аккредиттеудің тәуелсіз қазақстандық орталығы – Орталық Азия университеті мен Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті (бұрынғы Қазақстан теңіз университеті) және "Астана" университетінің аккредиттеу туралы куәліктерін кері қайтарып алды", – делінген ресми хабарламада.
Ендігі жерде "Білім туралы" заңға сәйкес, лицензиясыз және аккредитациясыз жоғары оқу орындары диплом бере алмайды.
Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенованың айтуынша, дәл осы үш жоғары оқу орны тексеру жұмыстарын жүргізуге кедергі жасаған. Ал бұған дейін жүргізілген тексерулер кезінде аталған оқу орындарында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.
"Аккредитациялары бойынша да проблемалар шықты. Өткен жылы түлектер дипломдарын уақытылы ала алмай қиналған еді. Салдарынан магистратураға оқуға түсу немесе жұмысқа тұруға байланысты қиындықтарға тап болды. Өкінішке орай, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырып жатқан студенттер бұл жағдайдан сабақ алмады. Биыл да кадрларды дайындау сапасына қатысты сол мәселелер көтеріліп жатыр", – дейді Көбенова.


---
02 сәуір 2021 ж. 659 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 117

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930