Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 8 колледж жабылып қалды

Қазақстанда 8 колледж жабылып қалды

ҚР Білім және ғылым министрлігі 8 колледждің лицензиясын қайтарып алды. Осыған байланысты олардың қызметі толығымен тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті оқу орындарының білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп, тиісті материалдық-техникалық базасы жоқ колледждерді анықтады. Ол оқу орындарында сабақ жүргізілмеген немесе мектеп түлектері сол колледждерге (бірінші курсқа) оқуға түсуге қызығушылық танытпаған", - делінген хабарламада.

Мысалы, Көкшетау заң колледжі мен Талдықорған заң колледжінде білім алған студенттер түлек атанған соң, аталмыш оқу орындарының басшылығы лицензияларын өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдады.

Жалпы барлық жабылған колледж студенттері басқа оқу орындарына уақытылы ауыстырылды және оқытушылары жұмыспен қамтамасыз етілді.

ҚР БҒМ колледждердің білім беру қызметіне қатысты мониторинг жұмыстарын жалғастырады.
stan.kz
12 ақпан 2021 ж. 2 468 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 120

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 109

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930