Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жауапты жұмысқа күш-жігерімізді жұмылдырамыз

Жауапты жұмысқа күш-жігерімізді жұмылдырамыз

Елімізде кезекті халық санағы үстіміздегі жылы жүргізілетінінен көпшілік хабардар. “Қазақстанда әркім маңызды” ұранымен ұйымдастырылатын санақты өткізу процесіне әзірлік ауданда қалай атқарылуда? Дайындық жұмыстарының мән-жайын Қазалы ауданының статистика басқармасының басшысы Бақытжан Әлімбайдан білдік.
– Бақытжан Қасқырбайұлы, еліміз үшін жауапты науқан басталды. Жалпы, ұлттық санақтың логикасы неде? Сұрақты осыдан бастасақ...
– Қай қоғам болсын, қандай өзгерістер орын алса да, сол елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайынан хабардар ететін дәстүрлі ірі ауқымдағы халық санағы барынша шынайы, нақты ақпарат көзіне баланады. Халық санағы барды бағамдаушы ғана емес, болашаққа болжам жасаудың алғышарты саналады. Санақ тарихы Еуропа елдерінде әріден басталса, қазақ халқының саны алғаш Ресейде ХІХ ғасырдың аяғында алынған.
Ал тәуелсіз Қазақстанда санақ бірінші рет 1999 жылы өткізілсе, 2009 жылғы халық санау егемендіктің екінші санағы болатын.
Халық санағы – белгілі бір уақыт кезіндегі жағдай бойынша респонденттерді сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинау, өңдеу, біріктірілген деректерді талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау болып табылады.
– Биылғы санақтың жаңалығы неде?
– 2021 жылғы халық санағының алдыңғы өткізілген ел санағынан айырмашылығы ақпараттық технологияны қолдана отырып, басым көпшілігінде дәстүрлі әдіспен ғаламтор желісі арқылы онлайн түрінде және қолайлы-есептеуіш құрылғы (планшет) арқылы өткізілуінде. Қазіргі уақытта ауданға 17 дана планшет әкелініп, қосымша қажеттіліктермен қамтылды.
Әйтеке би кенті әкімі аппаратының ғимаратынан бөлме бөлініп, жұмыс істеудеміз. Аудан аумағы 2 инструкторлық, 15 тіркеу учаскелерге бөлінді. Компьютермен, яғни интернет желісі байланысымен қамтамасыз етілген.
– Білуімізше, тағы бір өзгешелігі, кезең-кезеңді қамтуында жатса керек. Оқырмандарға түсінікті болу үшін нақты мерзім туралы айтып кетсеңіз...
– Санақ 2 кезеңнен өтеді. Тұрақты тұратындар санын нақтылап, тұрғын үйлердің, ғимараттардың және тұрғын емес үй-жайлардың тізімін алу, сондай-ақ әр елді мекен үшін картографиялық материалды актуалдауды анықтайтын алғашқы кезең 1 – 30 маусымда жүргізіледі. Планшеттерде интервьюерлердің жаппай сауал салуды жүргізу арқылы халық туралы деректерді жинайтын екінші кезеңі 1 қыркүйек – 30 қазан аралығында ұйымдастырылады. 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында 45 күн онлайн арқылы өтеді. Сұқбатшылар қазан айында үйлерге барып, халық есебін алатын болады.
– Санақшылар туралы айтып қалдыңыз... Олар кімдер? Халық алаяқтық өршіп тұрғанда, оларды қалай ажыратады?
– Орынды сұрақ. Мерзімді пайдаланып, құжаттарды сұраған адамдар үйге келсе, сіз олардың мойнында бейдж, көк түсті «халық санағы» деген сөмкесі, шарфы, планшет құрылғысы болады.
Жалпы 4 нұсқаушы 7 айға алынады. Ал 2-нұсқаушы-бақылаушы 45 күнге, 15 сұқбатшы бір айға жұмысқа қамтылса, екінші кезеңде жобамен 95 адам қамтылады деп отырмыз.
– Дайындық жұмыстары қандай деңгейде жүргізілді?
– Аудан әкімінің «2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесу жөніндегі жергілікті комиссия құру туралы» өкімі шықты және «2021 жылы Қазақстан ­Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі Қазалы ауданының іс-шаралар жоспары» қабылданды. Сонымен қатар халық санағын жүргізуді ақпараттық қолдау жөніндегі аудандық медиа-жоспар бекітілді. Алғашқы мақала газет бетіне берілді.
Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және елді мекендердегі көшелердің атауларын, кварталдардың, үйлердің және пәтерлердің нөмірлерін ретке келтіру, тұрғын жайларды аншлагпен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асты. Маусым айынан бастап сұхбатшылар планшет арқылы бөлінген көшелермен жүріп үйлерге түгелдеу жұмыстарын жүргізуде.
Аудандастыруды өткізу үшін Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және ауылдық округтердің схемалық картографиялық материалдары алынып, жаңадан салынған үйлер енгізіліп, тұрғын үй қорымен салыстырылып, статистика басқармасына жинақталды.
Халық санағы жайлы насихат жұмыстарының бірі ретінде аудан бойынша тамыз айынан бастап 25 дана билборд, 50 дана керме ілінетін болады. Мемлекеттік органдардың бірыңғай тасымалдаушы орталығының қорғалған байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілген. Сұхбатшылар күнделікті кешке араланған ғимараттарын осы мемлекеттік органдардың бірыңғай тасымалдаушы байланысы арқылы орталыққа ұшырады.
– Ал рұқсат етілмейтін органдар мен шет елден келушілер тізімі қалай алынады?
– Ауданда орналасқан жабық мекемелердің және тұрақты, уақытша адамдар тұратын аурухана мен мектеп-интернаттың, қонақ үйлердің тізімі мен сыйымдылығы және шекара заставалары жайлы ақпараттар жинақталды. Кіруге рұқсат етілмейтін мекемелердің ішінен жауапты қызметкерін оқытып сол арқылы алынатын болады.
Осыған қосымша шет елден келіп, жұмыс істеп жатқан азаматтарға да уақытша парақтар толтырылады.
1999 жылы 24 ақпан – 6 наурыз аралығында Бірінші Ұлттық халық санағы өткізілді. Оған 300-ден астам адам қосымша тартылып ойдағыдай өтті. Ол санақтың қорытындысы бойынша ауданда – 68900 адам болды.
2009 жылғы санақ бойынша ауданда – 74730 адам болды.
Биылғы межеден де абыроймен шығамыз деген ойдамыз. Сол мақсатқа бар күш-жігерімізді жұмылдырудамыз.
– Уақыт бөлгеніңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
08 маусым 2021 ж. 875 0

Мен өмірді қалаймын

13 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930