Министрден марапат алды
Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов жуырда Астанада әртүрлі төтенше оқиғалар кезінде ерлік жасаған балаларды марапаттады. Олардың арасында жаңақорғандық Сержан Әбдірейім де бар.
Сержан аудандағы №51 орта мектептің 11-сыныбында оқиды. Оқиға былай өрбіген. Өткен жылдың желтоқсан айы. Күн қақап тұр. Сержан сабақтан қайтып келе жатып «құтқарыңыздар!» деген дауысты естиді. Дауыс шыққан жаққа жүгіріп жетсе, көлдегі мұз жарылып, шамамен он жастағы бала соған түсіп кеткен екен. Сержан әрі-бері талпынып көреді, бірақ шығаруға шамасы жетпейді. Баланың киімі зіл тартып, әбден ауырлап кеткен. Абырой болғанда, сол жерден өтіп бара жатқан екі жігіт көмекке ұмтылады. Олар үйлерінен арқан алып келгенмен, тартып шығара алмайды. Ақыр соңында Сержанның мұздай суға өзі түскеннен басқа амалы қалмайды. Мұхамедті осылайша аман алып шығып, үйіне жеткізіп, алғысқа бөленеді.
Сержан – Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Жақсыгүл Бегманованың немересі. Жастығына қарамастан, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсете білген оны мектебі, ауылы мақтан тұтады.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.