Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қос суреттің тарихы

Қос суреттің тарихы

Биыл қазақтың ұлы ақыны Абайдың туғанына 175 жыл толып отыр. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып белгіленді. Келешек ойшыл тұлғаның туған күні атаулы даталар қатарында жыл сайын атап өтілмек. Осындай ауқымды мерейтой қарсаңында Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің қызметкері Қуат Қиықбайдан ақынның көзіндей болып қалған құнды жәдігерлер туралы білуге асықтық.
Музейде ертеден бүгінге дейін Абай Құнанбайұлының екі фотосуреті ғана сақталған екен. Біз байланыс құрған қызметкердің айтуынша, бұл түпнұсқадағы суреттерді музейге Мұхтар Әуезов тапсырған.
– Бірінші суретте Абайдың Ділдәдан туған тұңғыш баласы Ақылбай мен Абайдың өзі және Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұл. Сурет 1896 жылы Семей қаласында түсірілген. Түпнұсқа. Ұзындығы мен ені 9-13 сантиметр. Картон қағазға мұқият жапсырылған. Абай музейіне 1941 жылы 6 ақпанда №40 қабылдау акт бойынша өткізілген. Фотоны тауып-сақтап Абайдың жаңадан құрылған Семейдегі музейіне өткізуші – Мұхтар Әуезов.
Ол өзінің Алматыдағы мекенжайын көрсетіп, қол қойған. Абай музейінің негізгі қор кітапшасында «Абай с сыновьями Акылбаем и Турагулом (подлинник). Снято 1896 году в.г. Семипалатинское фотографом Н.Г.Кузнецовым. В дар музею Абая от Мухтара Омарзановича Ауэзова» деп жазып, фотосуреттің түсірілген жылын, түсірушінің аты-жөнін, Мұхтар Әуезов ұлы ақынның музейіне сыйға тартқанын анықтап ашып көрсетіп белгілеген, – дейді Қуат Қиықбай.
Ойланып қарасақ, ол кездері суретке түсу де, түсіру де оңай шаруа емес. Қызметкермен әңгіме барысында суретті фотограф Н.Г.Кузнецов түсіргенін білдік. Одан бөлек екінші фотосуретке тереңінен үңілсеңіз, жанында тұрғандардың кім екенін білгіңіз келеді. Ол жайында музей қызметкері айтып берсін.
– Екіншісі – Абайдың отбасымен 1903 жылы түскен суреті. Мұнда Абай өзінің Жидебайдағы үй ішімен түскен қалпында бейнеленген. Бірінші қатарда Пәкизат – бөрік киіп отырған қыз бала мен Әубәкір. Бұл екеуі Ақылбайдың балалары. Оспан екеуін бауырына салып өсіріп, өз баласындай көрген. Ортада отырған – Абай. Екінші қатарда – Мағауия, Еркежан және Әубәкірдің әйелі Камалия. Алдыңғы қатарда отырған – Тұрағұл.
Фотосуретті түпнұсқадан 1959 жылы қайта түсіріп көшірме түрінде Абай музейіне берген – Әуезов екенін айта кеткен жөн. Түпнұсқасы Алматыдағы Мұхтар Әуезов музейінде сақтаулы. Фотосуреттің ұзындығы – 23 см, ені – 13 см. Ұлы ақынның бұл тарихи екі фотобейнесі ұзақ жылдардан бері музей экспозициясына қойылып, көрсетіліп келеді. Көптиражды жол көрсеткіш кітаптарға, мерзімді басылымдарда жарық көріп жүргені белгілі, – деді Қ.Қиықбай.
2019 жылдың мамырында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы Жарлыққа қол қойып, 1 қазанға дейін жалпыреспубликалық жоспарды бекітуді тапсырды.
Осының негізінде қазіргі таңда Instagram және facebook әлеуметтік желілерінде ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу науқаны жүріп жатыр.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
11 тамыз 2020 ж. 897 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031