Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім...
Дүниедегі бүкіл жаратылыс пен қоршаған ортаның өзіндік үндестігі бары бізге мәлім. Десек те ақыл-ойға сыйымсыз, асқан үйлесімділігі бар тіршіліктің сиқырлы тұстары да жетерлік. Мәселен, дала жасыл желекке оранған тұста күн күрт суытып, бес күн бойы бет қаратпастан тұратын дауылдың таңданыс тудыратыны рас. Оны қазақ «Бесқонақ» атап кеткен. Оның өзіндік себебі де бар. “Баяғыда бес адам жаз шыққан екен деп, жеңіл киініп, екінші ауылға қонаққа кеткен. Бірақ жолда күн суып, қарлы боран соғып, қақаған қыс қайта келіпті. Бұған дайын болмаған жолаушылардың барлығы үсіктен мертіксе керек. Салқын күндер атауы осылайша қайғылы жағдайды еске түсіріп, сақтануды естен шығармауға шақырады-мыс.
Дәл бесқонақ уақытында қанаты мықты, таңдаулы текелер ғана аналық киіктерге ұрық салатынын көп адам біле бермейді. Жұртты біраз әбігерге салатын «Құралай салқыны» түскенде көркіне көз тоймайтын лақтар дүниеге келеді. Бөкендердің төлдейтін уақытымен тұспа-тұс келетін бұл мезгіл мамырдың орта тұсынан басталып, айдың аяғына дейін созылуы мүмкін. Нақты деректерге сүйенсек, салқын 19-21 мамыр аралығында өтіп кетуі тиіс. Табиғаттың төл перзентіндей болып кеткен қазақ жұрты бұны «құралай суығы» немесе «киіктің лақ өргізбесі» деп те атаған. Табиғаттың бұндай тылсым мінезі әсіресе Қазақстанның солтүстік, орталық аймақтарында көбірек білінеді. Ондайда күн күрт бұзылып, таулы аймақтардың төбесіне бұлт үйіріледі. Осы сәтті пайдаланып, төлдеуі жақындаған қоңыр аңдар бұлт үйірілген аспан астына топтасатын көрінеді. Оның мəнін аңшылар «қоңыр аңдар күннің көзінен таса жерге төлдеуге ұмтылады» деп түсіндіреді. Ел арасында киік лақтаған жерге найзағай ойнайды деген ырым да бар.
Киіктердің жоғары қасиетке ие, бауырмал екендігі де таңғалдырмай қоймайды. Киіктер лақтарын туғаннан кейін алаңсыз далаға, жыңғыл, ағаштың арасына тастап кете береді. Өйткені құралай бір бағытпен жортады. Зерттеушілер оның картаға сызған жол траекториясы секілді ізден ауытқымайтынын байқаған. Соның арқасында жапан түзде босанып, сапарын жалғастырып кеткен киіктің бөкенін сол аралықтан өткен екінші жануар тауып алып, емізеді. Кішкентай жануарды тамақтандыру осылайша үш күн бойы жалғасып, аяққа тұрғандары жолай кезіккен үлкендерге еріп жүре береді.
Құдайдың кереметі анық көрінетін «Құралай салқынында» бүкіл тіршілік оның лақтарының аяққа нық тұрып кетуіне жағдай жасайды. Мәселен, жануарлар ыстықта төлдер болса, лақтың кіндігі тез жазылмай, шыбын-шіркей жара түсірер еді. Дала жүйрігінің бұндай қастандыққа шыдас бермесі анық. Бұнымен қоса 22-28-і күндері ұлы даладан қазақтар «түйетабан» деп атап кеткен өсімдікті көруге болады. Кереметтігі сонда, оның аса үлкен жасылдау қызғылт түсті жапырақтары жаңа туған киік құралайымен түстесіп, сырт көзден жасырып тұрады екен. Солайша қырағы бүркіттердің өзі табиғаттың қорғауында жатқан құралайды көре алмайды. Құралайлар аяғына тұрысымен-ақ, әлгі «түйетабан» өсімдігі келесі көктемге дейін жоғалып кетеді екен.
Сондай-ақ денеңді қаритындай суық күндер – даланың негізгі жыртқышы қасқырды бұйығы күйге түсіреді. Оның тура үш күнге тәбеті жоғалып, аңшылыққа зауқы болмай, апанында жатады. Ал киік осы үш күнде жаппай туып үлгереді. Үш тәулік ішінде құтақандай құралайлар аттылы адамға жеткізбей шаба жөнеледі.
Ақбөкен қазақ жерінде тас дәуірінен бері өмір сүріп келеді. Аталған жануар тұқымының тағдырына сан мәрте қара бұлт үйіріліп, зобалаң заман орнаса да миллиондаған жылдан бері жойылмай келеді. Десек те бірнеше жыл бұрын киіктің жаппай қырылуына жол берілді. Бұдан бөлек броконерлерді киік киесі қорқытып тұрған жоқ. Қазақстандық зоологтар үшін ақбөкендерді бұдан әрі сақтап қалу жауапкершілігі ауыр сынақтың бірі саналады. Осынау абыройлы іс үшін, киіктің жойылуына жол бермеймін деп жан тапсырған табиғат күзетшілері де қаншама?! Қуанарлығы, әр облыста жануарды қорғайтын жаңа қорықтар ашылып, ұлттық саябақтар мен мемлекеттік табиғи аймақтар құрылу үстінде. Биылғы жылдың жағымды жаңалығы – Қазақстан Үкіметі киіктерді аулауға 2023 жылға дейін мораторий жариялады.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ