Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі

Ұрын той

Тілімізде құда-жекжат, құдалыққа қатысты қалыптасқан сөздер молынан ұшырасады. Мәселен, бел құда – туылмаған (белдегі) балаға ниет қылысқан жандар. Құданың бұл түрі ел ішінде «қызылдай құда», «қарын құда», «құрсақ құда» деп те аталады.

Бесік құда – ұлы мен қызын бесіктегі кезінде атастырғандар қарсы құда – бір-бірімен қыз алысып, қыз беріскендер.
Жанама құда – бас құданың жанына еріп келген жора-жолдастары.
Ескі салт-дәстүр бойынша құда түсу тойы аяқталған соң жігіт әкесі қалыңмалды түгел немесе жартылай төлеп болысымен ұлын қалыңдығымен кездестірудің қамын ойластырып, бұл бұйымтайын құдасына білдіреді. Ұзамай хабар алған соң ұлының жанына 5-6 өнерлі жолдас-жорасын қосып, «ілуге», «есік ашарға» деп сый-сияпатын қоржынға салып, оларды қайын жұртына аттандырған.

Күйеу баланың болашақ қалыңдығымен кездесуге баруын «ұрын бару», осыған орай ұйымдастырылған той-думан «ұрын той» аталған. Тойдың мақсаты – бірін-бірі ұнатқан екі жасты оңаша кездестіру, еркін сырласып, махаббат жайлы сыр шертуге мүмкіндік туғызу.
Олардың келе жатқанын қайын жұрты естігенде, кексе әйелдер күйеу балаға арнайы үй тігуге кіріседі, қыздың жас жеңгелері «шатыр байғазысы» көрімдік кәдесін алған. Ауыл үлкендеріне көрінбей, қыз-келіншектердің ортасында отырған күйеу балаға қайын атасының дастарқанынан төс салынған дәстүрлі табақ тартылады. Оған «төс салар» кәдесі беріледі. Бұл кеште ауыл жастары күйеудің келу құрметіне «қынаменде» деп аталатын ойын-сауық ұйымдастырады.

Ертесіне күн ұзаққа ән шырқалып, күй тартылып, қазақы дәстүрлі ойын, жарыстар өткізіліп, «қыз қашырар» тойы тойланады. Ұрын той аяқталған соң қыз төркіні күйеу баланы жөн-жоралғысымен аттандырып салады. Қалыптасқан дәстүр бойынша қыздың жеңгелері мен тойшы жастар қоршаған күйеу ауылдан жаяулап шығатын болған.
Кемал КӨПЖАСАР,
қаржы-салық саласының ардагері

14 қаңтар 2020 ж. 2 984 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930