Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аурудан айықтырар ашудас

Аурудан айықтырар ашудас

Бала күнімізде тәттілер жеп тіл ойылса, кішкентай сәбилердің тісіне байланысты мәселе  туындаса, үй дәріханасынан табылатын жұмыр тасты көбіміз білетінбіз. Түсі мөлдір, науатқа ұқсас осынау тас расымен шипалы ма? Оның қандай қасиеті бар? Бүгінгі дамыған медицина аурудан ашудас айықтырарына сенімді ме? Бүгінгі әңгіме сол туралы болмақ.
Ашудас – дəмі қышқыл, уытсыз, кермек кристалдық тас. Оның қолданысқа қалай енгені туралы нақты деректер кездеспесе де, әсіресе, шығыс елдері арасында кеңінен тараған. Алғашында оның таралуына сауда керуендері мен емші-тәуіптер ықпал еткен. Деректерден осынау тастың көмегімен ел арасына белгілі емшілер тері, созылмалы аурулардан айықтырғаны туралы мысалды көптеп кездестіруге болады.
Дәстүрлі медицина кеңінен қолданған бұл ем-шарасын зерттеген ғалымдар ашудастың қақырықты жібітіп, құрт өлтіретін қабілеті барын анықтаған.
Әдетте ашудас шикі және күйдірілген болып бөлінеді екен. Екеуін де қолдануға болады. Егер шикі ашудасты қазанға салып қыздырғанда, су құрамы ұшып кетіп, көпіршіктер түзіледі. Бұл күйдірілген ашудас.
Ашудасты сондай-ақ мұрын қанағанда ұнтақтап, суға езіп, тамызса, қанды тиылдыруға көмектеседі.
Тіс ауырған кезде сірке суына немесе балға қосып қайнатып, ауызды шайқаса, тіс етінің қабынуын қайтарады.
Адам құсқанда, ашудасты белгілі бір мөлшерде қайнаған сумен ішсе, ішкі ағзалардың жұмысын реттеуге сеп болады.
Өңделген ашудас пен күйдірілген гипстің әрқайсысынан 20 граммнан алып, оған вазелинді қосып араластыру арқылы мазь секілді дәрі жасауға болады. Ол қышыма мен бөрткенге пайдалы.
Сондай-ақ адам талма ауруына ұшыраған науқасқа 60 грамм ашудасқа 120 грамм май жапырағын қосып талқандап, күн сайын         6 граммнан ішудің көп көмегі бар.
Жөтелді басу үшін ашудас, сабын ағашының жемісі, қызыл мияның тамырының əр қайсынан 3 грамнан суға араластырып, қайнатпа жасаған дұрыс.
Сыртқы жарақаттан қанаған орынға 45 грамм шикі, 45 грамм күйдірілген ашудас, 210 грамм қарағай шайырын ұнтақтап басады.
Біз білетін әдіс – балалардың аузы уылғанда, ұртқа ұшық шыққанда, күйдірілген ашудастан аз мөлшерде уылған жерге себу ауызды құрғатып қана қоймай, тістің беріктігіне де ықпал ететін көрінеді.
Күйдірілген ашудастың 15 грамы, сары ағаштан 6 грамы, қасбояу жапырағының 3 грамының майдаланған ұнтағын өсімдік майына араластырып жағу іріңді жерді тез жазады.
Ашудас пен жалбыз жапырағын қайнатып, жылы суымен аяқты, қолтықты жуу денеден шығатын жағымсыз иісті жоюдың оңай құралы.
Халық тұрмыста төрт түлікке де пайдаланған.
Егер үй өсімдіктері құрт-құмырсқамен залалданса, ашудастың суға езілген аз мөлшері оларды жоюға жәрдемдеседі.
Дәрігерлер оны қолдануға түбегейлі қарсылық танытпаса да, мөлшерден тыс пайдалану зиянды екенін ескертеді.
Сақталу мерзіміне қарамай, ешқандай аллергиялық әсер туындатпайтынын ескерсек, ескі наным демей, қолжетімді затты сатып алып, үйде үнемі пайдалану тиімділігін берері сөзсіз.
Дайындаған Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
15 қазан 2019 ж. 10 106 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930