Төреғали мен Қайраттың гонорары 3 миллионнан асты
Гонороры жылдан-жылға еселене беретін отандық әншілер тойыңызда 5-6 ән орындау үшін қанша сұрайды? Бұл жайында Oinet.kz ақпараттық-сараптамалық порталы жазады, «Сенбілік жаңалықтарға» сілтеме беріп.
Әу дегені 1 миллионнан кемімейтін әншілер, халықтың қалтасын неге ойламайды екен, дейсің...
Тойыңыздағы қызметінен бөлек, бару-келуі мен қонақ үйдегі қонысына да міндетті түрде төлейсіз. Айтпақшы, күтіп алатын көлігіңіздің маркасы маңызды.
Сонымен, өздерін жұлдызбыз дейтін, бір әнді 4-5 жыл айтатын әншілердің тойдағы құны қанша?
1. Музарт тобы - 10 мың доллар яғни 3 870 000 теңге.
2. Төреғали мен Қайрат - 8 мың доллар, бұл деген 3 096 000 теңге.
3. Жоқ-жоқ деп хит болған Ерке Есмахан - 7 мың доллар сұрайды, 2 709 000 теңге.
4. Әбдіжаппар мен Ернар Айдар - 5 мың доллар, яғни 1 935 000теңге.
5. Кредитті әнге қосқан Бақай тобы - 1 500 000 теңге сұрайды.