Аудан әкімі ақынмен кездесті

Кездесуде ақын Сағыныш Мұхитқызы өзінің балалық шағы, өскен ортасы, алдыңғы буын ағалары мен алғашқы еңбек жолы туралы қызықты әңгімелер айтты. Жастар жылы аясында Қазалы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің көмегімен 500 дана «Сырұя» атты кітап шығарып, оның тұсаукесер рәсімін Алматы қаласында өткізгенін де тілге тиек етті. Сондай-ақ, өзінің қолтаңбасы қойылған кітаптарын аудан басшысына сыйға тартты.
Өз кезегінде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қат-қабат жұмыстың арасынан уақыт тауып, шығармашылықпен айналысып жүрген ақынға жүрекжарды лебізін жеткізіп, жыр жинағына құтты болсын айтты.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі