Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Иісіміз шығып жүрсін!

Иісіміз шығып жүрсін!

Ғаділбек Жанай дәстүрді ұмытпау туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Headliner weekend бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі әнші шетелдік сахналарға шығып, дарыныңды елден тыс жерлерде көрсету туралы пікір білдірді. Ол шетелге кетуге қарсы емес, алайда қай жерде жүрсек те қазақылығымызды жоғалтпауымыз керек дейді.

"Қызым үйде, қылығы түзде" деп жатады. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Менің айтатыным, біз қазақ болғаннан кейін, салт-дәстүрді ұмытпауымыз керек. Қай жақта жүрсек те, өзіміздің иісіміз шығып жүрсе екен", - дейді Ғаділбек Жанай.

Алайда, кез келген өнер адамы жердің қай бұрышына барып, өнер көрсетіп, туынды шығаратынын өзі біледі. Соныдақтан жақсы дүние шығып жатса, артық ештеңесі жоқ деп ағынан жарылды Ғаділбек Жанай.

"Ең бастысы - колоритімізді көрсетсек болды. Жер адамзатқа ортақ. Әнші қай жерінде кино, бейнебаян түсіреді, ән жазады өзі біледі. Онда тұрған ештеңе жоқ. Тек адамгершіліктің шекарасынан аспаса болғаны. Оған қоса, берері бар, жақсы дүние болғаны дұрыс", - дейді Ғаділбек Жанай.
stan.kz
12 тамыз 2019 ж. 1 250 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 156

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 109

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031