Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Жұлдыздар күпінің битіндей сыпырылады": Өнертанушы Қазақстанда фонограмманы алып тастау туралы

"Жұлдыздар күпінің битіндей сыпырылады": Өнертанушы Қазақстанда фонограмманы алып тастау туралы

Фонограмманы харамға теңейтін өнертанушы Ерлан Төлеутай жақын арада заң қабылданса, сахнада кеуде керіп, өзін ерекше санап жүрген біраз жұлдыздың сөнетініне сенімді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Сахнадағы шөре-шөре, қызтекелердің бәрі кетеді. Әншілердің тең жартысы күпінің битіндей сыпырылады. 95%-і кетеді. Ұсталды ма, 50 мың доллар айыппұл төлесін. Екі рет 50 мың доллар төлесе, бітті сол жерде қояды», - дейді өнертанушы.

Сондай-ақ, Ерлан Төлеутай алғашқы тыйым салуды телевидениеден бастау керегін айтты.

«Заң телеарнадағы фонограмманы тоқтатпаса, оның ешқандай пәрмені болмайды. Осы мәселе. Сонда біз телеарналар арқылы жанды жерінен қыссақ, нәтиже болады. Ал егер телевидениеде болады екен, мына жерде болады екен деп екіұшты етіп қойсақ, еңбек зая кетеді», - деп қорытты сөзін өнертанушы.

Бүгінде фонограммаға заң жүзінде тыйым салған бірқатар ел бар. Олар – Қытай, Әзербайжан, Түрікменстан. Ал Германияда бұлай ән айтқандарды абақтыға қамайды.


29 шілде 2019 ж. 1 205 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930