Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Томирис» тарихи фильмінің трейлері шықты (видео)

«Томирис» тарихи фильмінің трейлері шықты (видео)

Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырдағы оқиғалар жайында сыр шертетін «Томирис» көркем фильмінің ресми трейлері шықты. Көрермен фильмді кинотеатрлардан күз айында тамашалайды.

«Достар, зор қуанышпен назарларыңызға көптен күткен трейлерімізді ұсынамын. Фильм күзде шығады», деді режиссер Ақан Сатаев Инстаграмдағы парақшасында.

Айта кету керек, сақ патшайымы жайындағы «Томирис» ауқымды тарихи жобасы 2017 жылдың сәуірінде басталған еді. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Сатайфильм» кинокомпаниясы түсірді.  
Бас продюсер - Әлия Назарбаева («Анаға апарар жол»). Фильмнің қоюшы режиссері - Ақан Сатаев («Рэкетир», «Адасқан», «Ликвидатор», «Жаужүрек мың бала», «Анаға апарар жол»). 
 
Картина VI ғасырдағы оқиғалар жайында сыр шертеді. Ол кезеңде сақ тайпалары ұлы даланы жаулап алуға келген парсы патшасы ІІ Кирге ойсырата тойтарыс береді. Сақ әскерінің қолбасшысы, массагеттердің патшайымы Тұмар (Томирис) болды.
​​​
egemen.kz​​​
18 шілде 2019 ж. 1 566 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031