Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аязды күндер қайта келе жатыр

Аязды күндер қайта келе жатыр

Алдағы үш күнде Қазақстанның батыс облыстарында күн жылынып, қалған өңірлерде ауа райы қайта суытады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Орта Азия аудандарынан жылжыған циклон республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына жаңбыр мен қар әкеледі. Соған байланысты көктайғақ болып, тұман түседі, шығыста қарлы боран соғады.

Алдағы күндері ауа температурасы аздап көтерілгенімен, 11 қаңтарда, әсіресе Қазақстанның шығыс аудандарында күрт төмендеп, түнде минус 30...37 градусқа дейін аяз болады.

Республиканың солтүстік және орталық облыстарына жоғары атмосфера қысымының ықпалы жүріп тұрғандықтан, тек кей аудандарда ғана қар жаууы мүмкін, ал түнде ауа температурасы минус 28...35 градусқа дейін төмендейді.

Батыс облыстарда аздаған аяздан кейін күн жылынып, қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін.
09 қаңтар 2019 ж. 2 063 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031