Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Синоптиктер: Қазақстанда 3-5 мамыр күн суытып, жауын жауады

Синоптиктер: Қазақстанда 3-5 мамыр күн суытып, жауын жауады

Мамырдың 3-5 аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, жауын жауады, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, ауа температурасы батыста төмендейді, оған әсер ететін солтүстік-батыс антициклоны басқа аумақтарға жылжиды. "Елдің батысында ауа температурасының төмендеуіне ықпал еткен солтүстік-батыс антициклоны елдің солтүстік- батыс, солтүстік, орталық өңірлеріне қарай ойыса береді. Бұл аймақта термометр бағаны түнде -6 градусқа дейін төмендеп, Қарағанды облысыың оңтүстігінде -10-15 градус, күндіз 7-23 градус жылы болады. Түнде және таң ата тұман түседі.
Қазақстанның оңтүстік жартысында Оңтүстік циклонының ықпалымен жауын жауып, кей жерлерде нөсерлетіп, найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. Обь аумағынан келетін циклонның ықпалымен күн құбылмалы болады", – делінген хабарламада.

Синоптиктер жауын жауып, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 градусқа дейін жететінін айтады.
Жалпы алғанда республиканың басым бөлігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан мамыр айының басында күн аздап жылына түседі. Апта соңында температура 13-25 градусқа дейін жылиды. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік шығысында ауа температурасында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
03 мамыр 2022 ж. 389 0

Бүгінгi жаңалықтар

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды