Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бүгін күн күркіреп, жаңбыр жауады

Бүгін күн күркіреп, жаңбыр жауады

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ел өңірінің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал, батыста және оңтүстік-шығыстағы тауларда бұршақ жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аумағында бауыл тұрады.

Күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтілуде, тауларда бұршақ жауады.

Түркістан облысында шаңды дауыл соғуы ықтимал, желдің күшеюі 15-20 м/с.

Қостанайда, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, Солтүстік Қазақстан облысында дауыл тұрады.

Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстарының оңтүстігінде күндіз кей жерлерде аптап ыстық күтіледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында да қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.



17 маусым 2021 ж. 763 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 140

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 147

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031