Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тамыз айында ауа райы қандай болмақ?

Тамыз айында ауа райы қандай болмақ?

Тамыз жаз маусымын аяқтайды. Күннің ұзақтығы тамыз айында солтүстік облыстарда 2 сағатқа, оңтүстік облыстарда 1 сағат 20 минутқа қысқарады.
Еліміздің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы тамыз айында шілде айынан +2+2,5°С, ал оңтүстік облыстарда 1°С төмен. Қазақстанның солтүстігінде орташа айлық ауа температурасы +16+20°С құрайды және оңтүстікке қарай +27+29°С дейін жоғарылайды. Тау бөктеріндегі аудандарда биіктеген сайын ауа температурасы төмендейді +24°С дан (теңіз деңгейінен 450 м биіктікте) 7,5°С дейін (3 км биіктікте).
Ауа райының консультативтік болжамына сәйкес жаздың соңғы айында ауа температурасы климаттық норма шамасында болады.
Жауын-шашынның едәуір көп болуы және қатты құрғақшылық, әдетте, тамыз айында сирек кездеседі. 2020 жылғы тамыз айы да басқа жылдардан ерекшеленбейді: жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде, сонымен қатар Алматы облысының тау және тау бөктерлі аудандарында – нормадан көп, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында және Ақтөбе облысының оңтүстігінде – нормадан аз болады.
Тамыздың бірінші онкүндігінде тұрақсыз ауа райы циклондармен, атмосфералық фронттармен байланысты болады, олардың өтуі қысқа мерзімді жауын-шашынға, батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда күшті жауын-шашын, сондай-ақ желдің күшеюіне әкеледі. Найзағай құбылыстары мен бұршақтың түсуі шілде айына қарағанда аз болады.
Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа температурасының жоғары фоны болжанады: түнде +15+25°С шамасында, күндіз +27+37°С, оңтүстікте +40°С дейін жоғарылайды. Тек батыста, шығыста және оңтүстік-шығыс аумақтардың таулы аудандарында, Скандинавия мен Таймыр аудандарынан суық ауа массаларының енуіне байланысты бірінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы түнде +10+15°С-қа дейін, күндіз +20+27°С-қа дейін төмендейді.
Екінші және үшінші онкүндіктерде жаңбырлы және салқын күндер ыстық және аз бұлтты күндермен ауысады.
Еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының ауытқуы түнде +12+20°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +23+30°С-тан +15+23°С-қа дейін, ал оңтүстік жартысында және батысында түнде +15+23°С-тан +10+18°С-қа дейін күндіз +30+39°С-тан +23+30°С-қа дейін ыстық болады.
baq.kz
01 тамыз 2020 ж. 1 005 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 181

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 149

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 130

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930